ЕАЭО мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын құра алады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" Половину запланированных работ по ремонту завершили на ПНХЗ
Половину запланированных работ по ремонту завершили на ПНХЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. ЕАЭО мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын құра алады, бұл туралы Еуразиялық одақтың энергетика саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесінде талқыланды, деп хабарлады РФ Энергетика министрлігі.
"Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, атап айтқанда, ЕАЭО-ның газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын одан әрі қалыптастырудың түрлі аспектілері қарастырылды. 2023 жылы энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру барысы туралы есепті тыңдады", - делінген хабарламада.
Кеңеске қатысушылар ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына өткен жылы ортақ энергетикалық нарықтарды құру қалай жүріп жатқаны туралы есеп береді.
Жаңалықтар
0