Ақтау тұрғыны жедел жәрдем дәрігерлерімен қалжыңдасқаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлейді

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жазылу
Ол "103" нөміріне ер адам хабарласып, дәрі-дәрмекті көп ішіп қойғанын айтқан
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ақтау тұрғыны жедел жәрдемді қалжыңдап шақырғаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada порталына сілтеме жасап.
14 қазанда "103" нөміріне ер адам хабарласып, дәрі-дәрмекті көп ішіп қойғанын айтқан. Оның үйіне бірден жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
"Мамандар үйіне барғанда ол "пранк" үшін қоңырау шалғанын айтты. Бұл шақыру жалған қоңырау шалу болып тіркелді", - дейді дәрігерлер.
Арнаулы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 мың теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0