Алматы полицейлері жүргізушілерге ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневНоябрьский снегопад в Нур-Султане
Ноябрьский снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Алматы полицейлері көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелекке ауысу қажеттігін ескертті.
"Алдағы күндері күн бұзылып, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Осыған орай, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Сонымен қатар, ол 1 желтоқсан бастап, дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынатынын еске салды. Ереже бұзғандар Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Жаңалықтар
0