Сарандағы барлық үйге жылу берілді - министрлік

© Sputnik / Табылды КадырбековТЭЦ Бишкека
ТЭЦ Бишкека - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Сарандағы барлық үй мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылды. Жылу көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды энерегтика министрлігі.
Қаланың барлық өндірістік нысан өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырыстарын өткізді.
"Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандықтар дайындалып, іске қосылды. Жылуды толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықтарда жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды", – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары, ТЖД бірлесіп жұмыс жасауда. Орталық жылу көзін жөндеу кезінде жабдықтарды жеткізуші зауыттың мамандары шақырылды.
"Біз барлық жылу көздерін аралап, жылумен қамту схемасын қалпына келтіру жұмыстарының барысына жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдау жасадық. Келесі шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік нысандар өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеуде", — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Роман Скляр проинспектировал ремонт на ТЭЦ в Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Бектенов: Жылу электр станцияларын жөндеу жұмыстарының мерзімі 18 рет ауысқан
Жаңалықтар
0