https://sputnik.kz/20241017/qylmystyq-zhauapkershilikke-12-zhastan-bastap-tartyla-ma-premer-ministr-zhauap-berdi-47897900.html
Қылмыстық жауапкершілікке 12 жастан бастап тартыла ма: премьер-министр жауап берді
Қылмыстық жауапкершілікке 12 жастан бастап тартыла ма: премьер-министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі мәжіліс депутаттарының жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылық жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендету... 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T13:18+0500
2024-10-17T13:18+0500
2024-10-17T13:18+0500
қылмыс
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e8/09/18/47312233_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_904289e47b6d490d17b90569d0c7e4ea.jpg
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі мәжіліс депутаттарының жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылық жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысынан бас тартты.Олжас Бектенов депутат Магеррам Магеррамовтың сұрауына жауап берді.Жалпы, үкімет ата-аналар мен сарапшылар қауымдастығының халықаралық тәжірибесі мен пікірін ескере отырып, тәрбие жұмысын күшейтуге бағытталған сындарлы ұсыныстарды депутаттық корпуспен талқылауға дайын.Бас прокуратураның мәліметінше, кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар деңгейі артқан. Мәселен, биыл 9 айда балалар қылмысы 50 фактіге өскен. Жасөспірімдер 1263 қылмыс жасаған, 4,1% өскен. Ал былтыр осы кезеңде - 1213 қылмыс болған. Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін биыл 8 айда 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 345 адам ата-ана құқынан айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге 125 кәмелетке толмағандар жіберілді.Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов премьерге кейбір қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендету туралы ұсыныс жасаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/18/47312233_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_15f83f5030ff5cdb0fb93d401074fdd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, жасөспірім
Қылмыстық жауапкершілікке 12 жастан бастап тартыла ма: премьер-министр жауап берді
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі мәжіліс депутаттарының жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылық жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысынан бас тартты.
Олжас Бектенов депутат Магеррам Магеррамовтың сұрауына жауап берді.
"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей (Германия, Жапония, Ресей, Финляндия, Ұлыбритания) қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады (6-шы Халықаралық қылмыстық құқық Конгресінің (1953 ж., Рим) ұсыныстарына сәйкес). 12 жастан бастап жауапкершілік енгізу балаларды тәрбиелеу мен қорғаудың құқықтық және гуманистік тәсілдеріне қайшы келеді, өйткені бұл жастағы балалар өз іс - әрекеттерінің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін толық деңгейде түсінбейді", - делінген үкіметтің ресми жауабында.
Жалпы, үкімет ата-аналар мен сарапшылар қауымдастығының халықаралық тәжірибесі мен пікірін ескере отырып, тәрбие жұмысын күшейтуге бағытталған сындарлы ұсыныстарды депутаттық корпуспен талқылауға дайын.
Бас прокуратураның мәліметінше, кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар деңгейі артқан. Мәселен, биыл 9 айда балалар қылмысы 50 фактіге өскен. Жасөспірімдер 1263 қылмыс жасаған, 4,1% өскен. Ал былтыр осы кезеңде - 1213 қылмыс болған. Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін биыл 8 айда 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 345 адам ата-ана құқынан айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге 125 кәмелетке толмағандар жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов премьерге кейбір қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендету туралы ұсыныс жасаған болатын.