https://sputnik.kz/20241017/qazaqstandyqtar-tegin-dari-darmekti-aleumettik-amiyan-arqyly-ala-bastady-47913760.html
Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті "Әлеуметтік әмиян" арқылы ала бастады
Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті "Әлеуметтік әмиян" арқылы ала бастады
Sputnik Қазақстан
"Әлеуметтік әмиян" қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінен eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T19:30+0500
2024-10-17T19:30+0500
2024-10-17T19:31+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:2305:1296_1920x0_80_0_0_2e69b7298220e3515e3a2da4eddf33bf.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қазақстандықтар "Әлеуметтік әмиян" электронды сервисі арқылы тегін дәрі-дәрмектер ала бастады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Министрліктің мәліметінше, "Әлеуметтік әмиян" арқылы дәрі-дәрмектерді электронды түрде беру жөніндегі пилоттық жобаға ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, 93 мың рецепт негізінде препарат беріледі.Астана қаласының екі емханасында пациенттерге QR-код арқылы "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде ( eGov Mobile қосымшасы) тегін дәрілік заттарды беру механизмі көрсетілді.Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамтиды, ал жыл соңына дейін кеңейтіледі."Әлеуметтік әмиян" азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етіп, заңсыз айналымды болдырмайды. Сондай-ақ бұрмалау және басқа да заң бұзушылықтарға жол бермейді."Әлеуметтік әмиян" қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.Азамат дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе бұрын тіркелген болса, сәйкестендіруден өтуге тиіс. Әрі қарай, азамат басты бетте "Әлеуметтік әмиян" бөліміне кіріп, "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" жолын таңдайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:1729:1296_1920x0_80_0_0_8c0cb3a4b3e2202952dfd41101493101.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті "Әлеуметтік әмиян" арқылы ала бастады
19:30 17.10.2024 (жаңартылды: 19:31 17.10.2024) "Әлеуметтік әмиян" қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінен eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қазақстандықтар "Әлеуметтік әмиян" электронды сервисі арқылы тегін дәрі-дәрмектер ала бастады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, "Әлеуметтік әмиян" арқылы дәрі-дәрмектерді электронды түрде беру жөніндегі пилоттық жобаға ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, 93 мың рецепт негізінде препарат беріледі.
Астана қаласының екі емханасында пациенттерге QR-код арқылы "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде ( eGov Mobile қосымшасы) тегін дәрілік заттарды беру механизмі көрсетілді.
“Енді азаматқа қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылудың қажеті жоқ, мейіргер кезексіз қажетті препаратты өз бетінше бере алады. Егде жастағы тұрғындар немесе "Әлеуметтік әмиян" мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрілік заттар беріледі", - дейді ведомство.
Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамтиды, ал жыл соңына дейін кеңейтіледі.
"Әлеуметтік әмиян" азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етіп, заңсыз айналымды болдырмайды. Сондай-ақ бұрмалау және басқа да заң бұзушылықтарға жол бермейді.
"Әлеуметтік әмиян" қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.
Азамат дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе бұрын тіркелген болса, сәйкестендіруден өтуге тиіс. Әрі қарай, азамат басты бетте "Әлеуметтік әмиян" бөліміне кіріп, "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" жолын таңдайды.