https://sputnik.kz/20241017/qarzhy-piramidalary-20-mlrd-tenge-shygyn-keltirgen-kinaliler-sottaldy-47909234.html
Қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығын келтірген: кінәлілер сотталды
Қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығын келтірген: кінәлілер сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот үкімімен кінәлілер 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T22:09+0500
2024-10-17T22:09+0500
2024-10-17T22:09+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ad200b538096bea68cdce7ea136bfd8d.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. 20 млрд теңге шығын келтірген қаржы пирамидаларына қатысты 57 қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды."Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-не дейін пайдасын уәде еткен. Салдарынан салымшылар 255 млн теңгеге шығынданды", - дейді агенттік.Сот үкімімен кінәлілер 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Биыл қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемесі бұғатталды."WhatsApp", "Telegram" және басқа да желілерде 292 чат бұғатталып, нәтижесінде 2 млн астам әлеуетті салымшы қаржылық шығынға ұшырамады."Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасының арқасында "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.Айта кетері, ҚМА адам ақша салардан бұрын компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеретін телеграм ботты іске қосты. Сондай-ақ барлық жалған жобалардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_948a06c5e5215db0fbf4bd1ce29cc0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығын келтірген: кінәлілер сотталды
Сот үкімімен кінәлілер 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. 20 млрд теңге шығын келтірген қаржы пирамидаларына қатысты 57 қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық іс тергелді, алаяқтық схемаларға 21,5 мыңға жуық салымшы тартылған. 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
"Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-не дейін пайдасын уәде еткен. Салдарынан салымшылар 255 млн теңгеге шығынданды", - дейді агенттік.
Сот үкімімен кінәлілер 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Биыл қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемесі бұғатталды.
"WhatsApp", "Telegram" және басқа да желілерде 292 чат бұғатталып, нәтижесінде 2 млн астам әлеуетті салымшы қаржылық шығынға ұшырамады.
"Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасының арқасында "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.
Айта кетері, ҚМА адам ақша салардан бұрын компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеретін телеграм ботты іске қосты. Сондай-ақ барлық жалған жобалардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланған.