Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Литва президенті Зеленскийдің "бейбітшілік жоспарына" қатысты ойын айтты

© AP Photo / Nariman El-MoftyУкраина әскери қызметкерлері
Украина әскери қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Литва президенті Гитанас Науседа Еуропалық кеңес отырысы басталар алдында Украина басшысы Владимир Зеленскийдің "бейбітшілік жоспарына" баға берді.
"Зеленскийдің жоспарына қарасам, біз, Батыс елдері кейінгі айларда, тіпті жылдарда қабылдай алмаған шешімдер мен шараларды көремін... Сондықтан Зеленскийдің жоспарында жаңа ештеңе жоқ. Ол Украинаны қолдау жөніндегі біздің ерік-жігеріміз бен міндеттемелеріміз туралы ғана", - деді ол Киевті қолдауға шақыра отырып.
Украинаны дереу альянсқа шақыру – Владимир Зеленскийдің бір күн бұрын Жоғарғы Радада ұсынған жеңіс жоспарының бірінші тармағы. Барлығы бес тармақ және үш құпия толықтыру бар. Онда сондай-ақ Ресей аумағына батыстың қаруымен соққы жасауға қойылған шектеулерді алып тастау туралы айтылады. Зеленскийдің айтуынша, қақтығыс 2025 жылдан кешіктірілмей аяқталуы керек.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл жоспарды бір-біріне сәйкес келмейтін ұрандар жиынтығы деп атады.
Жаңалықтар
0