https://sputnik.kz/20241017/el-byudzhetine-149-trillion-tenge-tusti--bektenov-47913418.html
Ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түсті – Бектенов
Ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түсті – Бектенов
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдер мақұлданған 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T18:49+0500
2024-10-17T18:49+0500
2024-10-17T18:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президентке 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша есепті кезеңде экономиканы әртараптандыру шаралары күшейтілген. Шикізаттық емес секторды дамыту нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құраған. Ең жоғары өсімді ауыл шаруашылығы (11,4%), құрылыс (10,1%), көлік (8%), байланыс (6,4%), сауда (6,3%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%) салалары көрсеткен. 14 өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан.Үкімет басшысы заңсыз иеленген активтерді қайтару жөніндегі президент тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтты.Оның мәліметінше жыл басынан бері комиссия 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған. Бүгінде мемлекетке 265 миллиард теңгені құрайтын активтер, соның ішінде ақшалай 177 миллиард теңге қайтарылған. Барлық қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы зор жобаларға жұмсалып жатыр.Президент үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде инновацияны дамыту, ірі индустриялдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түсті – Бектенов
Жыл басынан бері 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдер мақұлданған
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президентке 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша есепті кезеңде экономиканы әртараптандыру шаралары күшейтілген. Шикізаттық емес секторды дамыту нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құраған. Ең жоғары өсімді ауыл шаруашылығы (11,4%), құрылыс (10,1%), көлік (8%), байланыс (6,4%), сауда (6,3%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%) салалары көрсеткен. 14 өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан.
"Биылғы қаңтар-тамыз айларында сыртқы тауар айналымы 91,7 миллиард долларды құраған, оның ішінде экспорттың үлесі 3,3 пайызға көбейді. Оң сауда балансы 34,8 пайызға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті. Ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түсті", - деді Бектенов.
Үкімет басшысы заңсыз иеленген активтерді қайтару жөніндегі президент тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтты.
Оның мәліметінше жыл басынан бері комиссия 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған. Бүгінде мемлекетке 265 миллиард теңгені құрайтын активтер, соның ішінде ақшалай 177 миллиард теңге қайтарылған. Барлық қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы зор жобаларға жұмсалып жатыр.
Президент үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде инновацияны дамыту, ірі индустриялдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.