https://sputnik.kz/20241017/aqsh-ukrainaga-425-million-dollar-zhana-askeri-komek-beretinin-zhariyalady-47893934.html
АҚШ Украинаға 425 миллион доллар жаңа әскери көмек беретінін жариялады
АҚШ Украинаға 425 миллион доллар жаңа әскери көмек беретінін жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. АҚШ Киевке 425 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек көрсететінін жариялады және алдағы айларда жүздеген техниңа беруге уәде... 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T09:50+0500
2024-10-17T09:50+0500
2024-10-17T09:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_0:320:3071:2047_1920x0_80_0_0_431220af2b623419a889fbf34bab144f.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. АҚШ Киевке 425 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек көрсететінін жариялады және алдағы айларда жүздеген техниңа беруге уәде берді, деп хабарлайды Ақ үй. Бұл туралы РИА Новости жазды.Онда АҚШ алдағы айларда Украинаға “жүздеген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, ондаған тактикалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, қосымша артиллериялық жүйелер, айтарлықтай мөлшерде оқ-дәрі, жүздеген броньдалған тасымалдаушы мен жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, мыңдаған қосымша броньдалған техника” жеткізеді.Хабарламада айтылғандай, бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Владимир Зеленскиймен сөйлесу кезінде айтты.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды.Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.
украина
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a54c75e389e7699825a8c2862876a202.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ақш
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. АҚШ Киевке 425 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек көрсететінін жариялады және алдағы айларда жүздеген техниңа беруге уәде берді, деп хабарлайды Ақ үй. Бұл туралы РИА Новости жазды.
“Президент Украинаға қосымша 425 миллион доллар көлеміндегі әскери көмек пакетін жариялады, оған қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, “әуе-жер” оқ-дәрілері, броньдалған көлік және маңызды оқ-дәрілер кіреді”, - делінген Ақ үй жариялаған хабарламада.
Онда АҚШ алдағы айларда Украинаға “жүздеген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, ондаған тактикалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, қосымша артиллериялық жүйелер, айтарлықтай мөлшерде оқ-дәрі, жүздеген броньдалған тасымалдаушы мен жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, мыңдаған қосымша броньдалған техника” жеткізеді.
Хабарламада айтылғандай, бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Владимир Зеленскиймен сөйлесу кезінде айтты.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.