https://sputnik.kz/20241017/almaty-oblysyndagy-auyl-turgyndary-zhol-men-zharyqqa-shagymdandy-47896286.html
Алматы облысындағы ауыл тұрғындары жол мен жарыққа шағымданды
Алматы облысындағы ауыл тұрғындары жол мен жарыққа шағымданды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары жол мен жарыққа шағымданды. Жақында ғана байсеркеліктер осы мәселені айтып... 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T11:34+0500
2024-10-17T11:34+0500
2024-10-17T11:42+0500
алматы облысы
жол
жарық
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/11/47895765_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_782f053651ba7cdf90c2ab4852fb6c45.jpg
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары жол мен жарыққа шағымданды. Жақында ғана байсеркеліктер осы мәселені айтып, ереуілге шыққан болатын. Тұрғындардың базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Байсеркенің аумағы кеңіп, ауылдан үдере көшкен талай азаматтың мекеніне айналды. Бірақ қалаға қоныс аударғандар жол мен жарықтың мәселесіне тап болған.Көшелерде жарық жоқ дейді тұрғындар."Көп көшелер жарықтандырылмаған. Сағатты өзгертіп тастады, балалар сағат алтыда сабақтан шыққанда көзге түртсе көргісіз, қараңғы. Қаңғыбас ит өріп жүр", - дейді байсеркеліктер.Ал Байсеркенің маңындағы саяжай тұрғындары нашар жолды айтып шағымданды."Жолдар ақырындап жасалып жатыр, онда да орталық жақтары. Ал айналасында жол жоқтың қасы. Жақын арада жасалады дегенге өз басымыз сенбейміз", - дейді саяжай тұрғындары.28 мыңға жуық халқы бар Байсерке ауылдық округінде 7 елді мекен бар. 25 мың тұрғын ауыз сумен толық қамтамасыз етіліпті. Қосымша 20 млн теңгеге ұзындығы 2000 м су құбыры желілері жүргізіліп жатыр."Аудандық бюджеттен 971 млн теңгеге ұзындығы 11 км су құбыры желілерін жүргізу жоспарлануда. Ұзындығы 4,5 км кәрізді жөндеуге 435 млн.теңге бөлінді. Бұнымен қоса 88,7 млн теңгеге 11 көше электрмен жабдықталды, 508 дана ескі ағаш бағаналары жаңа темірбетон бағаналарына ауыстырылды. Жарықтандыру бойынша 180 ескі жарықшамдары жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырылып, ескі 60 апатты жарық бағаналары ауыстырылды", - дейді Байсерке ауылының әкімдігі.Округ бойынша көше жарығының жалпы ұзындығы 46080 метр, оның 25620 метрі Алатау қаласына өтеді. Әкімдіктің айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда көше жарығының ұзындығы 21,5 км-ге ұлғайған.Округ бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 346,9 км, оның 47,1 км-і республикалық маңызы бар жолдар, облыстық маңызы бар жолдар-34,7 км. Ауылдық округтің 60% жолына асфальт төселген."Ұзындығы 106 км 98 көшені асфальттау керек. Былтыр округтің 41 көшесіндегі ұзындығы 16 км жолдар мен тұйық көшелерге ағымдағы жөндеу жүргізілді және 8 көшенің шұңқырлары тегістеліп, жөнделді. Округ жолдарын жөндеуге бөлінген жалпы сома – 369701703 тг. Биыл жалпы 17 көшеге жөндеу жасалады", - дейді ауыл әкімі Тілеукен Көпбаева.Ал ереуілге шыққан жұрттың тұратын көшелері республикалық маңызы бар жолдарға жатады. Оған республикалық бюджеттен қаражат бөліну керек дейді ведомство.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/11/47895765_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_7450c6c7a7cf9e9eca1aa24e225da507.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, жол, жарық
алматы облысы, жол, жарық
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары жол мен жарыққа шағымданды. Жақында ғана байсеркеліктер осы мәселені айтып, ереуілге шыққан болатын. Тұрғындардың базынасын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Байсеркенің аумағы кеңіп, ауылдан үдере көшкен талай азаматтың мекеніне айналды. Бірақ қалаға қоныс аударғандар жол мен жарықтың мәселесіне тап болған.
"Мына орталық көшеде 40 деген белгі тұр. Бірақ көліктер үлкен жылдамдықпен ызғып өтеді. Қаншама баланы көлік қақты. Қазір сабақ кезі, балаларымызға алаңдап біттік. Бұл орталық көшеге бейнекамера қою керек. Сонда ғана қауіпсіз болар еді", - дейді Байсерке ауылының тұрғыны Нұрғазы Тұрсынбаев.
Көшелерде жарық жоқ дейді тұрғындар.
"Көп көшелер жарықтандырылмаған. Сағатты өзгертіп тастады, балалар сағат алтыда сабақтан шыққанда көзге түртсе көргісіз, қараңғы. Қаңғыбас ит өріп жүр", - дейді байсеркеліктер.
Ал Байсеркенің маңындағы саяжай тұрғындары нашар жолды айтып шағымданды.
"Жолдар ақырындап жасалып жатыр, онда да орталық жақтары. Ал айналасында жол жоқтың қасы. Жақын арада жасалады дегенге өз басымыз сенбейміз", - дейді саяжай тұрғындары.
28 мыңға жуық халқы бар Байсерке ауылдық округінде 7 елді мекен бар. 25 мың тұрғын ауыз сумен толық қамтамасыз етіліпті. Қосымша 20 млн теңгеге ұзындығы 2000 м су құбыры желілері жүргізіліп жатыр.
"Аудандық бюджеттен 971 млн теңгеге ұзындығы 11 км су құбыры желілерін жүргізу жоспарлануда. Ұзындығы 4,5 км кәрізді жөндеуге 435 млн.теңге бөлінді. Бұнымен қоса 88,7 млн теңгеге 11 көше электрмен жабдықталды, 508 дана ескі ағаш бағаналары жаңа темірбетон бағаналарына ауыстырылды. Жарықтандыру бойынша 180 ескі жарықшамдары жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырылып, ескі 60 апатты жарық бағаналары ауыстырылды", - дейді Байсерке ауылының әкімдігі.
Округ бойынша көше жарығының жалпы ұзындығы 46080 метр, оның 25620 метрі Алатау қаласына өтеді. Әкімдіктің айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда көше жарығының ұзындығы 21,5 км-ге ұлғайған.
Округ бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 346,9 км, оның 47,1 км-і республикалық маңызы бар жолдар, облыстық маңызы бар жолдар-34,7 км. Ауылдық округтің 60% жолына асфальт төселген.
"Ұзындығы 106 км 98 көшені асфальттау керек. Былтыр округтің 41 көшесіндегі ұзындығы 16 км жолдар мен тұйық көшелерге ағымдағы жөндеу жүргізілді және 8 көшенің шұңқырлары тегістеліп, жөнделді. Округ жолдарын жөндеуге бөлінген жалпы сома – 369701703 тг. Биыл жалпы 17 көшеге жөндеу жасалады", - дейді ауыл әкімі Тілеукен Көпбаева.
Ал ереуілге шыққан жұрттың тұратын көшелері республикалық маңызы бар жолдарға жатады. Оған республикалық бюджеттен қаражат бөліну керек дейді ведомство.