https://sputnik.kz/20241016/sut-bezi-obyrynan-zhyl-sayyn-mynnan-astam-ayel-koz-zhumady--ministrlik-undeu-zhasady-47861310.html
Сүт безі обырынан жыл сайын мыңнан астам әйел көз жұмады – министрлік үндеу жасады
Сүт безі обырынан жыл сайын мыңнан астам әйел көз жұмады – министрлік үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Сүт безі обыры ерте кезеңде анықталған жағдайда әйелдердің 95%-ы толық емделеді 16.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-16T08:19+0500
2024-10-16T08:19+0500
2024-10-16T08:19+0500
қатерлі ісік
сүт безінің қатерлі ісігі
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі әйелдерді сүт безі обырына уақтылы скринингтен өтуге шақырды.Сүт безі қатерлі ісігі бүгінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің бірі саналады.ДДҰ деректері бойынша, бұл обыр қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды. Әлемдік статистикаға сәйкес онымен жер шарындағы әрбір сегізінші әйел ауырады.Әйелдердің осы қауіпті ауру туралы хабардар болуын арттыру үшін жыл сайын 15 қазанда Дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күні аталып өтеді.Сонымен қатар сүт безі обыры ерте кезеңде анықталған жағдайда әйелдердің 95%-ы толық емделеді.Бұл аурудың профилактикасы және ерте диагностикалау мақсатында 40 пен 70 жас аралығындағы әрбір әйел 2 жылда 1 рет сүт безі обырына маммологиялық скринингтен өтуі керек.МӘМС шеңберінде тегін онкоскринингті тіркелген жері бойынша емханалардан өтуге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қатерлі ісік, сүт безінің қатерлі ісігі
қатерлі ісік, сүт безінің қатерлі ісігі
Сүт безі обырынан жыл сайын мыңнан астам әйел көз жұмады – министрлік үндеу жасады
Сүт безі обыры ерте кезеңде анықталған жағдайда әйелдердің 95%-ы толық емделеді
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі әйелдерді сүт безі обырына уақтылы скринингтен өтуге шақырды.
Сүт безі қатерлі ісігі бүгінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің бірі саналады.
ДДҰ деректері бойынша, бұл обыр қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды. Әлемдік статистикаға сәйкес онымен жер шарындағы әрбір сегізінші әйел ауырады.
Әйелдердің осы қауіпті ауру туралы хабардар болуын арттыру үшін жыл сайын 15 қазанда Дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күні аталып өтеді.
"Қазақстанда тек 2023 жылы сүт безі обырына 5,5 мыңнан астам адам шалдыққаны анықталды. Бір жылдың ішінде бұл аурудан 1 мыңнан астам әйел көз жұмады", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар сүт безі обыры ерте кезеңде анықталған жағдайда әйелдердің 95%-ы толық емделеді.
Бұл аурудың профилактикасы және ерте диагностикалау мақсатында 40 пен 70 жас аралығындағы әрбір әйел 2 жылда 1 рет сүт безі обырына маммологиялық скринингтен өтуі керек.
МӘМС шеңберінде тегін онкоскринингті тіркелген жері бойынша емханалардан өтуге болады.