https://sputnik.kz/20241016/onlayn--kreditterge-tyyym-salyna-ma--abilqasymova-oz-oyyn-aytty-47883533.html
Онлайн кредиттерге тыйым салына ма – Әбілқасымова өз ойын айтты
Онлайн кредиттерге тыйым салына ма – Әбілқасымова өз ойын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова онлайн кредиттерге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір... 16.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-16T17:18+0500
2024-10-16T17:18+0500
2024-10-16T17:18+0500
кредит
тыйым
https://sputnik.kz/img/746/48/7464832_0:99:1920:1179_1920x0_80_0_0_8a6bcec8cf7f694010c1634bdf871256.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова онлайн кредиттерге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Агенттік басшысы онлайн кредиттерге тыйым салынса, азаматтардың мүмкіндігі шектеледі деп санайды. Себебі бүгінде тұтынушылық кредиттерді рәсімдейтін адамдар аз емес.Оның айтуынша, жыл басынан бері банктерде 6,5 мың кредит алаяқтық жолмен рәсімделді. Бүгінде онлайн кредиттер бойынша шектеулер бар. Атап айтқанда, микроқаржы ұйымдары 4 млн, ал банктер 8 млн теңгенің кредитін электронды түрде бере алады.Бүгін агенттік басшысы қанша адамның кредиті кешірілгенін де айтты. Ал мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, әлеуметтік осал топтарға кредит төлеу бойынша тағы бірнеше жеңілдік беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/746/48/7464832_108:0:1812:1278_1920x0_80_0_0_4d97666032fc2e53401bbc50722f85cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, тыйым
Онлайн кредиттерге тыйым салына ма – Әбілқасымова өз ойын айтты
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова онлайн кредиттерге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Агенттік басшысы онлайн кредиттерге тыйым салынса, азаматтардың мүмкіндігі шектеледі деп санайды. Себебі бүгінде тұтынушылық кредиттерді рәсімдейтін адамдар аз емес.
"Мысалы, тауарлардың ақшасын бөліп төлейді. Бүгінде барлық кредиттің 25 проценті – тұтынушылық несие. Оған шектеу қойған дұрыс емес деп ойлаймын. Халық үшін қаржылық қызметтер қолжетімді болуы керек. Сосын кредиттерге электронды түрде тыйым салсаңыз, адамар бәрібір банк филиалына барып, кредит алады", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жыл басынан бері банктерде 6,5 мың кредит алаяқтық жолмен рәсімделді. Бүгінде онлайн кредиттер бойынша шектеулер бар. Атап айтқанда, микроқаржы ұйымдары 4 млн, ал банктер 8 млн теңгенің кредитін электронды түрде бере алады.
Бүгін агенттік басшысы қанша адамның кредиті
кешірілгенін де айтты. Ал мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, әлеуметтік осал топтарға кредит төлеу бойынша тағы
бірнеше жеңілдік беріледі.