https://sputnik.kz/20241016/duniezhuzilik-nan-kuni-atalyp-otip-zhatyr-47875453.html
Дүниежүзілік нан күні аталып өтіп жатыр
Дүниежүзілік нан күні аталып өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинады 16.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-16T14:10+0500
2024-10-16T14:10+0500
2024-10-16T14:10+0500
нан
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38576134_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_120f1c0528eec48b7a9c2dd7f09f3c32.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанда дүниежүзілік нан күні аталып өтіп жатыр.Дүниежүзілік нан күні – 2006 жылы 16 қазанда Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасы бойынша құрылған мереке. Бұл күннің таңдалуы кездейсоқтық емес: 1945 жылдың 16 қазанында БҰҰ-ның Ауыл шаруашылығы ұйымы мен Азық-түлік ұйымы құрылды, ол ауыл шаруашылығын дамытумен және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды шешуде басты рөл атқарады.2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Дүниежүзілік нан күні Қазақстанда да аталып өтеді.2024 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан 494,1 млн АҚШ долларына 2,4 млн тонна бидай мен меслин экспорттады.Экспорттың жалпы көлемінен негізгі үлесі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстанға тиесілі.Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинады.Ұн тарту саласында жалпы қуаттылығы жылына 9,1 млн тонна астық өндіретін 270-ке жуық кәсіпорын іске қосылды.Отандық ұн өндірісінің көлемі елдің ішкі тұтынуынан 2 есе дерлік асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша әлемде жетекші орынға ие.2024 жылдың 8 айында 2 миллион тоннадан астам ұн өндірілді.Нан өндірісі еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етеді. Нан өндірушілер халықтың нанға деген қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, нарықтағы сұранысқа байланысты шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бойынша да белсенді жұмыс істеуде: бұл негізінен нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, қысқа және ұзақ сақталатын ұннан жасалған өнімдер.8 айда 329 мың тонна нан өндірілді.ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде астық өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде ұн және нан өндірушілер) үшін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті кредиттер берумен мемлекеттік қолдау шаралары көзделеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38576134_184:0:2913:2047_1920x0_80_0_0_976f67f9bb990263ebfce8b090405362.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нан
Дүниежүзілік нан күні аталып өтіп жатыр
Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинады
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанда дүниежүзілік нан күні аталып өтіп жатыр.
Дүниежүзілік нан күні – 2006 жылы 16 қазанда Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасы бойынша құрылған мереке. Бұл күннің таңдалуы кездейсоқтық емес: 1945 жылдың 16 қазанында БҰҰ-ның Ауыл шаруашылығы ұйымы мен Азық-түлік ұйымы құрылды, ол ауыл шаруашылығын дамытумен және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды шешуде басты рөл атқарады.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Дүниежүзілік нан күні Қазақстанда да аталып өтеді.
"Бұл шешім Қазақстандық наубайшылар, ұн тартушылар мен нан пісіретіндердің еңбегіне шынайы құрметтің көрінісі болды. Белгіленген мерекелік күн Қазақстанда астық және нан өнімдерінің жоғары стандарттары мен мәртебесін нығайтуға қызмет етеді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2024 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан 494,1 млн АҚШ долларына 2,4 млн тонна бидай мен меслин экспорттады.
Экспорттың жалпы көлемінен негізгі үлесі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстанға тиесілі.
Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинады.
Ұн тарту саласында жалпы қуаттылығы жылына 9,1 млн тонна астық өндіретін 270-ке жуық кәсіпорын іске қосылды.
Отандық ұн өндірісінің көлемі елдің ішкі тұтынуынан 2 есе дерлік асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша әлемде жетекші орынға ие.
2024 жылдың 8 айында 2 миллион тоннадан астам ұн өндірілді.
Нан өндірісі еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етеді. Нан өндірушілер халықтың нанға деген қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, нарықтағы сұранысқа байланысты шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бойынша да белсенді жұмыс істеуде: бұл негізінен нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, қысқа және ұзақ сақталатын ұннан жасалған өнімдер.
8 айда 329 мың тонна нан өндірілді.
ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде астық өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде ұн және нан өндірушілер) үшін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті кредиттер берумен мемлекеттік қолдау шаралары көзделеді.