https://sputnik.kz/20241016/aqsh-tyn-nato-dagy-turaqty-okili-kievti-alyansqa-kiru-merzimi-turaly-daulaspauga-shaqyrdy-47887832.html
АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Киевті альянсқа кіру мерзімі туралы дауласпауға шақырды
АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Киевті альянсқа кіру мерзімі туралы дауласпауға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Украина НАТО-ның оны альянсқа қабылдау ниеті туралы мәлімдемесіне қанағаттануы керек және оның мерзімі туралы дауласпауы керек... 16.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-16T21:00+0500
2024-10-16T21:00+0500
2024-10-16T21:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15881023_0:0:2919:1643_1920x0_80_0_0_19f1c4e0b294c7d62e07e468e0dd3b18.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Украина НАТО-ның оны альянсқа қабылдау ниеті туралы мәлімдемесіне қанағаттануы керек және оның мерзімі туралы дауласпауы керек, деді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Джулианна Смит. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Владимир Зеленский Украина парламентінде Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын ұсынды. Құжатта бес тармақ пен үш құпия толықтыру бар. Атап айтқанда, бірінші тармақ - Украинаны кейінгі мүшелікпен НАТО-ға шақыру, екіншісі - Ресей аумағында алыс қашықтықтағы қарулармен соққы беруге шектеулерді алып тастау, үшіншісі - Украина аумағында Ресейді "ядролық емес шектеу пакетін орналастыру". Бұл жоспар бойынша қақтығыс 2025 жылдан кешіктірмей аяқталуы керек."Біз мұның қалай және қашан болатынының уақыты мен механизмі туралы талқылап, дауласа аламыз. Дегенмен, Украинадағы достарымыз шілдедегі саммитте көшбасшылардың ешқайсысы жалпы тұжырымға қарсы шықпағанын түсіну керек және менің ойымша, Украинадағы достарымыз осыған назар аударып, біздің міндеттемеміз берік екенін ұғынулары қажет", - деді Смит онлайн брифинг барысында, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийдің жаңа "бейбітшілік жоспары" шын мәнінде АҚШ-тың Ресеймен соғысу жоспарын қайталауы мүмкін. Песковтың айтуынша, бейбітшілікке қол жеткізу үшін Киев мемлекетті қақтығысқа әкелген себептерді түсінуі керек. Ресей Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде Зеленскийдің жоспары жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15881023_190:0:2919:2047_1920x0_80_0_0_b0f4aa9f59764304c0c4f23668eac9d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, ресей
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Украина НАТО-ның оны альянсқа қабылдау ниеті туралы мәлімдемесіне қанағаттануы керек және оның мерзімі туралы дауласпауы керек, деді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Джулианна Смит. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Владимир Зеленский Украина парламентінде Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын ұсынды. Құжатта бес тармақ пен үш құпия толықтыру бар.
Атап айтқанда, бірінші тармақ - Украинаны кейінгі мүшелікпен НАТО-ға шақыру, екіншісі - Ресей аумағында алыс қашықтықтағы қарулармен соққы беруге шектеулерді алып тастау, үшіншісі - Украина аумағында Ресейді "ядролық емес шектеу пакетін орналастыру". Бұл жоспар бойынша қақтығыс 2025 жылдан кешіктірмей аяқталуы керек.
"Біз мұның қалай және қашан болатынының уақыты мен механизмі туралы талқылап, дауласа аламыз. Дегенмен, Украинадағы достарымыз шілдедегі саммитте көшбасшылардың ешқайсысы жалпы тұжырымға қарсы шықпағанын түсіну керек және менің ойымша, Украинадағы достарымыз осыған назар аударып, біздің міндеттемеміз берік екенін ұғынулары қажет", - деді Смит онлайн брифинг барысында,
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийдің жаңа "бейбітшілік жоспары" шын мәнінде АҚШ-тың Ресеймен соғысу жоспарын қайталауы мүмкін. Песковтың айтуынша, бейбітшілікке қол жеткізу үшін Киев мемлекетті қақтығысқа әкелген себептерді түсінуі керек. Ресей Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде Зеленскийдің жоспары жұмыс істемейтінін мәлімдеді.