Алаяқтар рәсімдеген кредит қандай жағдайда кешіріледі – Әбілқасымова екі талапты атады

© Photo : Sputnik / Санат ИмангалиевМадина Абылкасымова
Мадина Абылкасымова - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2024
Жазылу
Адамның өзі кредит алуға қатыспаса, қарыз сомасы есептен шығарылады
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтар рәсімдеген кредит қандай жағдайда кешірілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде eGov порталында кредит рәсімдеуден бас тарту қызметі бар. Осы уақытқа дейін 700 мың адам өз-өзіне шектеу қойды.
"Енді ондай шектеу тұрғанда кредит рәсімделсе, соттың шешімімен ондай несие кешіріледі",-деді Әбілқасымова мәжілістің жалпы отырысында.
Сосын адамның өзі кредит алуға қатыспаса, қарыз сомасы есептен шығарылады.
"Ондайда адамның жеке мәліметтерін ұрлап, заңсыз кредит рәсімдеп жатады. Сондай жағдайда адам өзі қатыспаса, кредит кешіріледі",-деп атап өтті агенттік төрағасы.
Осы орайда Әбілқасымова алаяқтық жолмен кредит рәсімдеу әрекеттерінің көбейіп кеткенін де жеткізді. Сондықтан заңсыз несиені кешіру талаптары тағы қарастырылады.
Жаңалықтар
0