Инфографика

2025 жылы Рамазан айы қашан басталады

Жазылу
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2025 жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады.
Қасиетті Рамазан айы келер жылы 1-29 наурыз аралығында болады. Қадір түні наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнге дөп келіп тұр.
Рамазан айынан кейінгі Ораза айт 30 наурыз күні тойланады. Үш күнге созылатын Құрбан айт 6-8 маусымға дөп келіп тұр. Еліміздегі Еңбек кодексіне сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып бекітілген. Сондықтан қазақстандықтар жұмаға түсіп тұрған 6 маусым күні демалады. Дегенмен айттың қалған екі күні, яғни, 7-8 маусым да сенбі мен жексенбіге сәйкес келіп тұр.
Толық ақпарат инфографикада жарияланған.
Жаңалықтар
0