https://sputnik.kz/20241015/shyu-elderinin-ukimet-basshylary-pakistanda-bas-qosady-47843455.html
ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады
ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады
Sputnik Қазақстан
Іс-шаралар 15-16 қазанда өтеді 15.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-15T08:25+0500
2024-10-15T08:25+0500
2024-10-15T08:25+0500
шыұ
https://sputnik.kz/img/old/886/55/8865549_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_7c1eab766dd11f682ca8b17735353444.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады.15-16 қазанда өтетін іс-шараларға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстанның премьер-министрлері, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті және Үндістанның жоғары өкілі қатысады.Қатысушылар ШЫҰ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдету бойынша басым міндеттерді қарастырады. Атап айтқанда, саясаткерлер жаңа геосаяси жағдайға сәйкес ШЫҰ қызметін жан-жақты жаңғырту аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды. ШЫҰ-ның жаһандық экономикадағы проблемаларын шешудің келісілген тәсілдері қорытынды Бірлескен коммюникеде жазылады.Сондай-ақ үкімет басшылары Беларусь Республикасының ұйымға қабылданғанын ескере отырып жаңартылған бюджетті, ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы хатшылығы мен атқару комитетінің штаттық кестелерін, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы ШЫҰ бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітеді.Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары құрған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үкіметаралық ұйым. 2017 жылы Үндістан мен Пәкістан, 2023 жылы Иран, 2024 жылы Беларусь ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/886/55/8865549_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_56e8a28b17b1e3ba98bf2ed9ed2ce21a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ
ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады
Іс-шаралар 15-16 қазанда өтеді
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады.
15-16 қазанда өтетін іс-шараларға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстанның премьер-министрлері, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті және Үндістанның жоғары өкілі қатысады.
Қатысушылар ШЫҰ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдету бойынша басым міндеттерді қарастырады. Атап айтқанда, саясаткерлер жаңа геосаяси жағдайға сәйкес ШЫҰ қызметін жан-жақты жаңғырту аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды. ШЫҰ-ның жаһандық экономикадағы проблемаларын шешудің келісілген тәсілдері қорытынды Бірлескен коммюникеде жазылады.
Сондай-ақ үкімет басшылары Беларусь Республикасының ұйымға қабылданғанын ескере отырып жаңартылған бюджетті, ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы хатшылығы мен атқару комитетінің штаттық кестелерін, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы ШЫҰ бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары құрған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үкіметаралық ұйым. 2017 жылы Үндістан мен Пәкістан, 2023 жылы Иран, 2024 жылы Беларусь ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қабылданды.