Астана тұрғыны ұлын қинап өлтіргенін айтты: полиция не дейді

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Жазылу
Полицияның алдын ала мәліметі бойынша ол 9-қабаттың терезесінен құлаған
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Астанада 19 жастағы ұлын төрт жігіт қинап өлтіріп, 9-шы қабаттан лақтырып жібергенін айтқан әйелдің видео үндеуінен кейін елорда полициясы оқиғаға түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша 19 жастағы жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғаған.
"Алдын ала мәлімет бойынша ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелі мен мәлімдемесі тергеу шеңберінде мұқият тексеріледі.
Аталған іс Астана қаласы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Жаңалықтар
0