2030 жылға қарай 1,8 млн тонна мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жоспарланып отыр
© МВК по нераспространению COVID-19Павлодар мұнай-химия зауыты
© МВК по нераспространению COVID-19
Жазылу
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Энергетика министрлігі "Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жол картасын" әзірледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Карта шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтиды.
"Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу", - деп жазылған хабарламада.
Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мынадай нәтижелер көзделген:
Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемін 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту;
Мұнай-газ химиясында іске асырылатын және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
14,7 млрд АҚШ доллары сомасына инвестициялар тарта отырып, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құра отырып, алты жобаны іске асыру;
Мұнай-газ химиясы жобалары үшін "ҰИМХТ" АЭА аумағында қажетті инфрақұрылым салу;
Мұнай-газ химиясы саласының өнімдерін өткізу нарықтарын қамтамасыз етіп, ішкі тұтынуды ынталандыру;
Ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдай жасау.
Жол картасын үкімет бекітті.