Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Қазақстан президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді.
Жаңалықтар
0