Суару маусымы аяқталды

© PhotoВ Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции
В Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Жазылу
Биыл көрші елдер елімізге бастапқыда жоспарланған көлемнен де артық су жіберді
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Еліміздің барлық аймағында суару маусымы аяқталды.
Вегетация кезеңі 1 сәуірде басталды. Суару кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларға шамамен 11,2 млрд текше метр су берді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Биыл министрлікке қарасты "Қазсушар" кәсіпорнының филиалдары шаруа қожалықтарымен 25 мыңға жуық келісімшарт жасады.
Су тұтыну көлемі бойынша көш басында – Қызылорда облысы. Өңірдің диқандарына шамамен 3,7 млрд текше метр су берілді. Түркістан облысының шаруалары 3,4 млрд текше метр су алды. Жетісу облысының диқандарына 1,37 млрд текше метр су берілсе, Алматы облысының шаруалары 1,57 млрд текше метр су пайдаланды.
"Үкімет төтенше жағдай мен суармалы су тапшылығының алдын алды. Біз былтырғы тәжірибеден сабақ алып, фермерлерге суармалы судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз еттік. Су дипломатиясы да маңызды рөл атқарды. Биыл Үкіметтің табысты келіссөздері арқасында елімізге Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бастапқыда жоспарланған көлемнен де артық су жіберді", — деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бүгінгі таңда үкімет су тасқыны кезеңіне дайындықты бастады. Еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберіле бастады. Ал оңтүстік облыстардағы су қоймалары, су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.
Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі отырысында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс кестесі жасалады және келесі жылға су беру көлемі бекітіледі.
Жаңалықтар
0