https://sputnik.kz/20241014/qurylysy-bitpegen-balabaqshada-buldirshin-qaytys-boldy--sot-ukim-shygardy-47830502.html
Құрылысы бітпеген балабақшада бүлдіршін қайтыс болды – сот үкім шығарды
Құрылысы бітпеген балабақшада бүлдіршін қайтыс болды – сот үкім шығарды
Sputnik Қазақстан
Сот сараптамасына сәйкес, бала суға тұншығу салдарынан көз жұмды 14.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-14T16:18+0500
2024-10-14T16:18+0500
2024-10-14T16:19+0500
ақмола облысы
балабақша
сот
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ақмола облысында құрылысы бітпеген балабақшада сәбидің қайтыс болуына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қайғылы оқиға Төңкеріс ауылында болған. 2018 жылы кәсіпкер балабақша құрылысын бастап, үш жылдан кейін қаржыландырудың болмауына байланысты ол тоқтап қалған.2023 жылдың жазында төрт жасар бала құрылыс нысанына еш кедергісіз кіріп кеткен. Сол жерде ойнап жүргенде құдыққа құлап, қайтыс болды. Сот сараптамасына сәйкес, бала суға тұншығу салдарынан көз жұмды.Шортанды аудандық соты абайсызда бала өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін мердігер компанияның басшысын жауапқа тартты. Кәсіпкер құрылыс өз кінәсін мойындады. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды да ескерді. Атап айтқанда, сотталушының асырауында жас балалар бар. Сондай-ақ, жәбірленушілермен медиативтік келісімге келіп, залалды өтеп берген.Сот шешімімен кәсіпкер 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оған құрылыс саласындағы қызметпен айналысуға тыйым салынды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 2-бөлігі (құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан әрекет) бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20240922/magnit-zhutyp-qoygan-bala-qaytys-boldy--darigerler-tergeuge-alyndy-47275608.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, балабақша, сот
ақмола облысы, балабақша, сот
Құрылысы бітпеген балабақшада бүлдіршін қайтыс болды – сот үкім шығарды
16:18 14.10.2024 (жаңартылды: 16:19 14.10.2024) Сот сараптамасына сәйкес, бала суға тұншығу салдарынан көз жұмды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ақмола облысында құрылысы бітпеген балабақшада сәбидің қайтыс болуына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қайғылы оқиға Төңкеріс ауылында болған. 2018 жылы кәсіпкер балабақша құрылысын бастап, үш жылдан кейін қаржыландырудың болмауына байланысты ол тоқтап қалған.
2023 жылдың жазында төрт жасар бала құрылыс нысанына еш кедергісіз кіріп кеткен. Сол жерде ойнап жүргенде құдыққа құлап, қайтыс болды. Сот сараптамасына сәйкес, бала суға тұншығу салдарынан көз жұмды.
Шортанды аудандық соты абайсызда бала өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін мердігер компанияның басшысын жауапқа тартты. Кәсіпкер құрылыс өз кінәсін мойындады. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды да ескерді. Атап айтқанда, сотталушының асырауында жас балалар бар. Сондай-ақ, жәбірленушілермен медиативтік келісімге келіп, залалды өтеп берген.
Сот шешімімен кәсіпкер 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оған құрылыс саласындағы қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 2-бөлігі (құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан әрекет) бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.