Бітімгерлер Ливандағы жұмысын жалғастырып жатыр – Қорғаныс министрлігі

© пресс-служба Минобороны КазахстанаҚазақстандық бітімгерлер
Қазақстандық бітімгерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Жазылу
Эвакуация туралы шешім БҰҰ хатшылығымен бірлесіп қабылданады
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Ливандағы бітімгершілік күштерге қатысты жағдайға түсініктеме берді.
"Үш штабтық офицерлерден жасақталған қазақстандық бітімгерлер Ливанда әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Қорғаныс министрлігі жағдай ушықса қазақстандық әскерилерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп шешілетінін атап өтті. Ведомство олармен тұрақты байланыс орнатқан.
БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері өткен аптаның соңында штаб-пәтер мен тірек пункттерін Израиль армиясы атқылағанын, екі бітімгерші жараланғанын хабарлады.
Ал жексенбіде БҰҰ-ның Ливандағы миссиясының бітімгершілік күштері үш ЦАХАЛ бөлімшесі "көк демаркациялық сызықты" кесіп өтіп, Рамья ауылы маңындағы Ливан аумағына кіргенін айтты.
Жаңалықтар
0