https://sputnik.kz/20241014/keybir-zhastar-askerden-bosatyluy-mumkin--ministr-usynys-engizdi-47826697.html
Кейбір жастар әскерден босатылуы мүмкін – Жақыпова ұсыныс енгізді
Кейбір жастар әскерден босатылуы мүмкін – Жақыпова ұсыныс енгізді
Sputnik Қазақстан
Ол үшін кәсіби-техникалық білім алған жастар шақырған жерге барып, жұмыс істеуі керек 14.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-14T13:42+0500
2024-10-14T13:42+0500
2024-10-14T13:59+0500
әскери борыш
жастар
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы мамандықтар бойынша қызметке тұрған жастарды әскерден босатуды ұсынып отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде кәсіби-техникалық білім алған жастардың көбісін әскерге алып кетеді.Айта кетері, Қазақстан президенті келесі жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын кеңінен насихаттау керек."Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі",- деді Тоқаев биылғы жолдауда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери борыш, жастар
Кейбір жастар әскерден босатылуы мүмкін – Жақыпова ұсыныс енгізді
13:42 14.10.2024 (жаңартылды: 13:59 14.10.2024) Ол үшін кәсіби-техникалық білім алған жастар шақырған жерге барып, жұмыс істеуі керек
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы мамандықтар бойынша қызметке тұрған жастарды әскерден босатуды ұсынып отыр, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде кәсіби-техникалық білім алған жастардың көбісін әскерге алып кетеді.
"Сол кезде 19 жасқа келеді ғой. Оларды бірден әскерге алып кетеді. Біз ол балаларды әскерге алмай, жұмысқ тұрғызып, біліктілігін көтеру қажет деп отырмыз. Сосын оларға әскери кафедра ашып, әскерден босату керек. Бірақ кәсіби-техникалық білім алған жастар шақырған жерге барып, жұмыс істеуі керек. Бізде осындай ұсыныстар бар", - деді Жақыпова мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Айта кетері, Қазақстан президенті келесі жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын кеңінен насихаттау керек.
"Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі",- деді Тоқаев биылғы жолдауда.