https://sputnik.kz/20241014/800-myn-tenge-suraydy-ministr-zhumystan-bas-tartatyndarga-zandy-kusheytudi-kozdep-otyr-47826253.html
"800 мың теңге сұрайды": министр жұмыстан бас тартатындарға заңды күшейтуді көздеп отыр
"800 мың теңге сұрайды": министр жұмыстан бас тартатындарға заңды күшейтуді көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
"Жұмысқа шығыңыз, 300 мың теңге жалақы төлейді десеңіз, білімі мен біліктілігі жоқ азаматтар 800 мың теңге сұрайды" 14.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-14T13:00+0500
2024-10-14T13:00+0500
2024-10-14T13:00+0500
жалақы
светлана жақыпова
https://sputnik.kz/img/07e7/09/02/38132484_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_0f38501b717c8927611044e37a80f1ae.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс істегісі келмейтін қазақстандықтарға қатысты заңды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, бүгінде жұмыссыз қалған адамдарда әлеуметтік сақтандыру қорынан алты ай бойы жәрдемақы төленеді. Одан артық төлем жасалмайды, ары қарай жұмысқа тұру қажет. Бірақ кейбір адамдарға жоғары жалақы ұсынылса да, жұмысқа барғысы келмейді.Ал Қазақстанда көбісі кәсіби дайындығы болмаса да, жоғары жалақы сұрайды."Жұмысқа шығыңыз, 300 мың теңге төлейді десеңіз, білімі мен біліктілігі жоқ азаматтар 800 мың теңге сұрайды. Ашығын айту керек, еңбек саласындағы құндылықтарымыздан айырылдық. Бұны тәрбие мен идеологиялық жұмыспен ғана емес, заңмен де реттеу керек деп ойлаймыз. Адам жұмыстан бас тартқан кезде оған қатысты заң қатаң болуы керек", - деп атап өтті министр.Айта кетері, бүгінде жұмыссыз адамдарға бос орындар ұсынылады. Одан бас тартқан жағдайда әлеуметтік сақтандыру қорының төлемі тоқтатылады. Заңда басқа шаралар қарастырылмаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/02/38132484_112:0:1249:853_1920x0_80_0_0_2fbc7e76070d85a349de217ed5e4d55b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, светлана жақыпова
жалақы, светлана жақыпова
"800 мың теңге сұрайды": министр жұмыстан бас тартатындарға заңды күшейтуді көздеп отыр
"Жұмысқа шығыңыз, 300 мың теңге жалақы төлейді десеңіз, білімі мен біліктілігі жоқ азаматтар 800 мың теңге сұрайды"
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс істегісі келмейтін қазақстандықтарға қатысты заңды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде жұмыссыз қалған адамдарда әлеуметтік сақтандыру қорынан алты ай бойы жәрдемақы төленеді. Одан артық төлем жасалмайды, ары қарай жұмысқа тұру қажет. Бірақ кейбір адамдарға жоғары жалақы ұсынылса да, жұмысқа барғысы келмейді.
"Мысалы ауылды жерде, Солтүстік Қазақстандағы Сергеевка ауылында дәнекерлеуші керек. Жалақысы 600 мың теңге дейді. Сондай жерге бармай отырған азаматтар бар. Сондықтан бәрі отбасыдан басталады, баланың еңбекке деген ынтасын ояту керек. Қытайды қарасаңыз, балалары екі ауысыммен оқиды, мектепте ұйықтайды. Осылайша жас кезінен жұмысқа баулып өсіреді", - деді Жақыпова мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Ал Қазақстанда көбісі кәсіби дайындығы болмаса да, жоғары жалақы сұрайды.
"Жұмысқа шығыңыз, 300 мың теңге төлейді десеңіз, білімі мен біліктілігі жоқ азаматтар 800 мың теңге сұрайды. Ашығын айту керек, еңбек саласындағы құндылықтарымыздан айырылдық. Бұны тәрбие мен идеологиялық жұмыспен ғана емес, заңмен де реттеу керек деп ойлаймыз. Адам жұмыстан бас тартқан кезде оған қатысты заң қатаң болуы керек", - деп атап өтті министр.
Айта кетері, бүгінде жұмыссыз адамдарға бос орындар ұсынылады. Одан бас тартқан жағдайда әлеуметтік сақтандыру қорының төлемі тоқтатылады. Заңда басқа шаралар қарастырылмаған.