https://sputnik.kz/20241013/zelenskiy-ukraina-frantsiyamen-birlesip-qaru-zharaq-shygaratynyn-malimdedi-47814404.html
Зеленский Украина Франциямен бірлесіп қару-жарақ шығаратынын мәлімдеді
Зеленский Украина Франциямен бірлесіп қару-жарақ шығаратынын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Киев пен Париж бірлеске іс-қимылдың жаңа моделін талқылауға кірісті. Соның аясында Украина жерінде қару-жарақты бірлесіп шығару... 13.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-13T12:57+0500
2024-10-13T12:57+0500
2024-10-13T12:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055759_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_916c7a771d113e7e0e8b3b406024229d.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Киев пен Париж бірлеске іс-қимылдың жаңа моделін талқылауға кірісті. Соның аясында Украина жерінде қару-жарақты бірлесіп шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.Украина басшысы Францияға барып, Эммануэль Макронмен кездескен.Оның айтуынша, ынтымақтастықтың жаңа моделі министрліктер деңгейінде пысықталып жатыр.Осы жұмада Данияның қорғаныс министрі Троельс Лунд Поульсен биыл инвестиция тартатын қордың құрылатынын мәлімдеді. Негізгі мақсат – украиналық қару-жарақ өнеркәсібін кеңейту және қару өндірісін шапшаңдату.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды.Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055759_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_d25290dca8969971fd9a8a71b6485b49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Киев пен Париж бірлеске іс-қимылдың жаңа моделін талқылауға кірісті. Соның аясында Украина жерінде қару-жарақты бірлесіп шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Украина басшысы Францияға барып, Эммануэль Макронмен кездескен.
"Францияда біз өзара әрекет етудің жаңа моделі – біздің мемлекетімізде бірлескен өндірістерді құру туралы сөйлестік. Қазір дат моделі жұмыс істеп жатыр. Оған сәйкес, әріптес мемлекеттердің үкіметтері қару-жарақ өнідірісіне инвестиция тартады. Ал француз моделін біз жаңа өндірістерді құруға инвестиция тарту мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз", - деді Зеленский өзінің Telegram каналында.
Оның айтуынша, ынтымақтастықтың жаңа моделі министрліктер деңгейінде пысықталып жатыр.
Осы жұмада Данияның қорғаныс министрі Троельс Лунд Поульсен биыл инвестиция тартатын қордың құрылатынын мәлімдеді. Негізгі мақсат – украиналық қару-жарақ өнеркәсібін кеңейту және қару өндірісін шапшаңдату.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.