Шавкат Рахмонов UFC чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2024
Жазылу
Турнир 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта UFC белбеуінің иегері америкалық Белал Мухаммадқа қарсы жекпе-жек өткізеді.
Турнир 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді. Мухаммад титулды алғаш рет қорғайды.
Рахмонов соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Мухаммад осы жылдың шілде айында Англияның Манчестер қаласында өткен UFC 304 турнирінде британиялық Леон Эдвардсты төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.
Жаңалықтар
0