https://sputnik.kz/20241013/mektepte-aqsha-zhinauga-tyyym-salyngan-mugalimderge-eskertu-zhasaldy-47815334.html
Мектепте ақша жинауға тыйым салынған: мұғалімдерге ескерту жасалды
Мектепте ақша жинауға тыйым салынған: мұғалімдерге ескерту жасалды
Sputnik Қазақстан
Мектепте ақша жинауға тыйым салынған: мұғалімдерге ескерту жасалды 13.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-13T14:55+0500
2024-10-13T14:55+0500
2024-10-13T14:55+0500
мектеп
мұғалім
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14792023_0:99:3000:1787_1920x0_80_0_0_30e4416a9dec215f6579c5b7b1ef6b82.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында ақша жинау заңсыз әрекетке жататынын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Министрлік білім беру ұйымдарының екі мыңнан астам басшысы мен аумақтық департаменттер өкілдерін жинап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында тағы бір кеңес өткізді.Заң бойынша педагогтардыкәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған."Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетугетиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтарды, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз", - деді білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.Айта кетері, ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған жағдайда 7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша тікелей комитетке немесе аумақтық департаменттерге хабар беруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14792023_333:0:3000:2000_1920x0_80_0_0_cdabbacf5a7d57c61f7deac85f961fd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, мұғалім
Мектепте ақша жинауға тыйым салынған: мұғалімдерге ескерту жасалды
Мектепте ақша жинауға тыйым салынған: мұғалімдерге ескерту жасалды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында ақша жинау заңсыз әрекетке жататынын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрлік білім беру ұйымдарының екі мыңнан астам басшысы мен аумақтық департаменттер өкілдерін жинап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында тағы бір кеңес өткізді.
"Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бақылау іс-шараларын ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау бойынша жан-жақты түсініктемелер алды. Білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" заңның шеңберінде педагогтардың кәсіби қызметіне байланысты заң бұзушылықтарға ерекше назар аударылды", - делінген ресми хабарламада.
Заң бойынша педагогтардыкәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
"Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетугетиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтарды, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз", - деді білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
Айта кетері, ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған жағдайда 7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша тікелей комитетке немесе аумақтық департаменттерге хабар беруге болады.