Батыс Қазақстанда 4 мыңнан астам ірі қара мал санитарлық союға жіберілді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында бруцеллезге шалдыққан 4 мыңнан астам ірі қара мал санитарлық жолмен союға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой Город" порталына сілтеме жасап.
Облыстық ветеринария басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, үй жануарларын жылына екі рет бруцеллезге тексеріп отырады. Биыл 666,8 мың ірі қара малдың ішінен 4 942 баста ауру анықталды. Қой-ешкінің арасынан да бруцеллез шықты. Барлығын санитарлық жолмен союға тура келді.
"Соңғы жеті жылдың ішінде ауруға шалдыққан малдың саны азайып келеді. Мәселен, 2021 жылы бруцеллезбен 6 490 бас ірі қара анықталды, 2022 жылы — 5 045, ал 2023 — 4 141 бас ауру болып шықты", - дейді ветеринарлар.
Қазіргі кезде облыста алты ет комбинаты бар. Олар ауру малды санитарлық жолмен өңдеп отырады. Бүгінде 4 316 бас ірі қара мен 991 қой осы ұйымдарға тапсырылды.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін санитарлық жолмен сойылған 329 қойдан ет өнімдері жасалды. Сол үшін 5,4 млн теңгенің өтемақысы да төленді.
Айта кетері, ет комбинатына тапсырылатын ауру малдың еті арнайы өңдеуден өтеді. Жоғары температурада бруцеллез өледі. Ал еттен консерв пен шұжық жасалады. Ондайда шаруаға ақының 30 процентін бюджеттен өтесе, қалған 70 процентін ет комбинаты төлейді.
Жаңалықтар
0