https://sputnik.kz/20241013/astanadagy-khalyqaralyq-marafonga-2-mynnan-astam-adam-qatysty-47818752.html
Астанадағы халықаралық марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты
Астанадағы халықаралық марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты
Sputnik Қазақстан
Марафонға 15-тен астам елден қатысушы келді 13.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-13T19:57+0500
2024-10-13T19:57+0500
2024-10-13T19:58+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/09/28301420_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_ecd59ecc2468243c709c6b073b93c5a7.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Астанада Astana City Marathon өтті. Шара кезінде көшелерде көлік қозғалысын уақытша шектеуге тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Astana City Marathon EXPO-дан басталып, осы жерде аяқталды. Ал қатысушылар республикалық мешіт, президенттік саябақ, Есіл жағалауы, Бәйтерек пен Әбу-Даби Плазаның жанынан жүгіріп өтті. Марафонның қашықтығы 42,2 шақырым болды. Бұдан бөлек, 10 шақырым мен командалық эстафета болды.Марафонға БАӘ, Бельгия, Қытай, Испания, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Кения, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Нидерланд Корольдігі, Ресей, Словения, Украина, АҚШ пен Өзбекстаннан да әуесқой спортшылар келді.Жеңімпаздардың нақты тізімі ертең ресми түрде жарияланады.Айта кетері, марафонда 1 орын - 500 000 теңге 2 орын-400 000 теңге 3 орын – 300 000 теңге сыйақы берлісе, 10 км жүгіруде абсолютті біріншілікте жүлде қоры 1 орын - 150 000 теңге 2 орын-100 000 теңге 3 орын-50 000 теңгені құрайды. Одан бөлек, жас ерекшеліктері мен өзге сайыстар да ақшалай жүлде қарастырылған.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/09/28301420_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_8a284c3f3b57a40f4a16b311e643a16a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астанадағы халықаралық марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты
19:57 13.10.2024 (жаңартылды: 19:58 13.10.2024) Марафонға 15-тен астам елден қатысушы келді
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Астанада Astana City Marathon өтті. Шара кезінде көшелерде көлік қозғалысын уақытша шектеуге тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Astana City Marathon EXPO-дан басталып, осы жерде аяқталды. Ал қатысушылар республикалық мешіт, президенттік саябақ, Есіл жағалауы, Бәйтерек пен Әбу-Даби Плазаның жанынан жүгіріп өтті. Марафонның қашықтығы 42,2 шақырым болды. Бұдан бөлек, 10 шақырым мен командалық эстафета болды.
Марафонға БАӘ, Бельгия, Қытай, Испания, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Кения, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Нидерланд Корольдігі, Ресей, Словения, Украина, АҚШ пен Өзбекстаннан да әуесқой спортшылар келді.
"Әлемдік деңгейдегі бәсекені ұйымдастыруға бір жылдай уақыт кетті. Күн суық болса да, жүгірушілерге ешнәрсе тосқауыл болмай, 2300 қатысушы бас қосты. Шетелден де арнайы ат басын бұрғандар болды. Олар жүгіріс арқылы қаламыздың барлық дерлік әсем жерлеріне куә болды. Енді мұнымен тоқтап қалмай, дәстүрлі жарысқа айналдыруға ниетіміз бар", - дейді жарыстың ұйымдастырушысы Павел Тенцер.
Жеңімпаздардың нақты тізімі ертең ресми түрде жарияланады.
Айта кетері, марафонда 1 орын - 500 000 теңге 2 орын-400 000 теңге 3 орын – 300 000 теңге сыйақы берлісе, 10 км жүгіруде абсолютті біріншілікте жүлде қоры 1 орын - 150 000 теңге 2 орын-100 000 теңге 3 орын-50 000 теңгені құрайды. Одан бөлек, жас ерекшеліктері мен өзге сайыстар да ақшалай жүлде қарастырылған.