Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада Ресеймен келісімге келу жайында айтыла бастады

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Киевте қарулы қақтығысты аяқтаудың сценарийін талқылай бастады. Оған сәйкес, Украина айырылған жерлерін қайтаруға қатысты берік ұстанымын өзгертіп, оның орнына өз талабын орындауға мүдделі, деп жазды немістің Der Spiegel басылымы Киевтегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап. Бұл туралы РИА новости хабарлады.
"Біздің жеңісіміз Ресейдің капитуляциясы ғана болуы қажет деп ойлаған едік... Бірақ кейбір талаптардан шегінбесек болмайды екен. Келісім Ресейге де тиімді болуы керек", - деді шенеунік. Ол өз атын көрсетпеуді сұрады.
Оның айтуынша, АҚШ-тың келесі президенті кім болса да, Украинаны қолдау қарқыны бәсеңдей береді. Оған қоса, әскер мен халықтың ішіндегі жағдай да мәз емес.
"Болжам нашар. Әскери бөлімдердің моральдық рухы алаңдатып отыр. Адамдар, шынымен де, соғыстан шаршады. Соғыстың әділетсіздігі қоғамды қақ жарып тастауы мүмкін", — деп атап көрсетті ол.
Осы аптада Financial Times газеті де бір материал жариялаған. Оған сәйкес, Киев билігі Украина жерлерінің бір бөлігін беріп, соның орнына НАТО мүшелігін алуға қатысты жабық келіссөздер жүргізіп жатыр. Осылайша Киев қарулы қақтығысты аяқтаудың баламалы жолдарын іздеуге кірісті.
Бұған дейін Мәскеу Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді ұсынған. Ол үшін Киев өз әскерін ДХР, ЛХР, Херсон мен Запорожье облыстарынан шығаруы қажет. Сондай-ақ, Украина НАТО-ға кіруге қатысты жоспарынан бас тартуы шарт. Владимир Путин осы талаптар орындалса, әскери іс-қимылдар бірден тоқтатылатынын айтқан. Ал Зеленский бұны ультиматум деп қабылдады.
Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысына шабуыл жасағаннан кейін Путин екіжақты келіссөздерді бастауға болмайтынын мәлімдеді. Артынан оның көмекшісі Юрий Ушаков президенттің бұған дейінгі бейбітшілікті орнатуға қатысты ұсыныстарды жойылмағанын айтты. Бірақ әзірше Ресей Украинамен сөйлеспейді.
Қыркүйекте өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда Путин Украинамен арадағы келіссөздер Ыстанбұл келісімдері негізінде жүргізілетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0