https://sputnik.kz/20241012/shanyraqtyn-iesin-izdep-zhurmin-qazaqstandyq-anime-sheteldik-bayqaularda-zhuldeger-atandy-47776502.html
"Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін": қазақстандық аниме шетелдік байқауларда жүлдегер атанды
"Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін": қазақстандық аниме шетелдік байқауларда жүлдегер атанды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Қазақстандық анимациялық фильм бірнеше халықаралық байқауда жеңіске жетіп, әлемдегі үздік бес мультфильмнің қатарына енді. Бұл... 12.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-12T09:00+0500
2024-10-12T09:00+0500
2024-11-05T10:47+0500
анимация
өнер
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0b/47777040_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_123171d9d4a374eb7cbc7f0213cfdb3b.jpg
АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Қазақстандық анимациялық фильм бірнеше халықаралық байқауда жеңіске жетіп, әлемдегі үздік бес мультфильмнің қатарына енді. Бұл фильмді анасы мен қызы өз қаражаттарына қаржыландырған.Sputnik Қазақстан тілшісі фильмнің авторлары Үміт Жұбанышқызы және Маржан Жұбаныш немересімен сұхбаттасты.Үміт Жұбанышқызы 40 жыл бойы "Қазақфильмде" жұмыс істеп, көптеген туындылар жасаған, мектеп оқулықтарына иллюстрациялар салған. Қызы Маржан да анасының жолын қуып, өнер саласында қызмет етеді. Екеуінің "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" атты мультфильмі шетелдік фестивальдерге қатысып, әлемнің үздік мультфильмдер тізіміне енді.Мультфильмнің тарихыҮміт Жұбанышқызы 11 ағайынды болған: 9 қыз, 2 ұл. Өкінішке орай, 2 ұл мен 3 қыз бала кездерінде қайтыс болған. Әкесі Жұбаныш ақсақалдың шаңыраққа ие болатын ұлды армандағаны Үміт Жұбанышқызының жүрегінде қалды. "Бұл анимацияның сценариін жазу 17 жылға созылды. Әкемнің арманы туралы туынды жасауды бала кезімнен армандадым. Қайта құру жылдары, тұрмыстық қиыншылықтар бар, осылайша 17 жылда сценарий жазылды. Кейін оны қызыма айтып, 4,5 жылда анимацияны аяқтадық", - дейді Үміт Жұбанышқызы.Алғашында анимациялық фильм көрерменге ұнай ма деп алаңдаған. Бірнеше фестивальдерге қатысып, өз деңгейін байқап көруді шешкен. Анимацияны толықтай өз қалталарынан қаржыландырған Үміт пен Маржан Жапония, Түркия, Қытай жүлдеге ие болып, Қазақстанның мәртебесін асқақтатты."Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" анимациялық фильмінің режиссері және продюсері - Маржан Жұбаныш немересі. Фильм Жапонияда өткен "Tokyo Film Award" байқауында 1-орынға ие болды, сондай-ақ "Байқоңыр" фильм фестивалінде "Үздік сценарий" номинациясын жеңіп алды. Түркияның "TURKTAV" түркі тарихы мен мәдениеті қоры тарапынан ұйымдастырылған іс-шарада анимациялық фильм Анкарада көрсетілді."Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" атты қазақ анимациялық фильмінен шабыт алып, түрік балаларына арналған кітап "TURKTAV" қорының баспасынан шығып, кішкентай оқырмандарға жол тартты. Сондай-ақ, 2024 жылы Түркияның Денизли қаласында өткен "Түркі дүниесінде құндылықтар мен мәдениетті тарату" Халықаралық симпозиумында "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" анимациялық фильм туралы ғылыми 2 мақала жазылды.Қазақстандық аниматорлар әлемдегі ірі анимациялық "Tokyo Anime Award Festival" байқауында "Ұлттық анимацияға қосқан үлесі үшін" марапат алды. "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" анимациялық фильмі әлемдегі үздік 5 фильмнің қатарына енді."Қытайдағы Chengdu қаласында өткен "The Golden Panda Award Festival"-ге шақырылды. Фильмімізді "Отель монстров Трансильвания" сияқты деңгейдегі фильмдермен теңестіріп, ең үздік бес фильмнің қатарына қосты", - дейді Маржан Жұбаныш немересі.Маржанның айтуынша, қазақстандық анимация әлемдік деңгейге шығуға қабілетті."Біздің де қолымыздан келеді екен ғой деп ойладық. Алайда сапалы дүние жасау үшін еңбектену қажет. Соңында айтарым: Қазақстанда мықты анимация жасауға мүмкіндік мол" деп айтқым келеді", - дейді Маржан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0b/47777040_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_15968a751e110976ce6a97e536421e88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
анимация, өнер
АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Қазақстандық анимациялық фильм бірнеше халықаралық байқауда жеңіске жетіп, әлемдегі үздік бес мультфильмнің қатарына енді. Бұл фильмді анасы мен қызы өз қаражаттарына қаржыландырған.
Sputnik Қазақстан тілшісі фильмнің авторлары Үміт Жұбанышқызы және Маржан Жұбаныш немересімен сұхбаттасты.
Үміт Жұбанышқызы 40 жыл бойы "Қазақфильмде" жұмыс істеп, көптеген туындылар жасаған, мектеп оқулықтарына иллюстрациялар салған. Қызы Маржан да анасының жолын қуып, өнер саласында қызмет етеді. Екеуінің "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" атты мультфильмі шетелдік фестивальдерге қатысып, әлемнің үздік мультфильмдер тізіміне енді.
Үміт Жұбанышқызы 11 ағайынды болған: 9 қыз, 2 ұл. Өкінішке орай, 2 ұл мен 3 қыз бала кездерінде қайтыс болған. Әкесі Жұбаныш ақсақалдың шаңыраққа ие болатын ұлды армандағаны Үміт Жұбанышқызының жүрегінде қалды.
"Бұл анимацияның сценариін жазу 17 жылға созылды. Әкемнің арманы туралы туынды жасауды бала кезімнен армандадым. Қайта құру жылдары, тұрмыстық қиыншылықтар бар, осылайша 17 жылда сценарий жазылды. Кейін оны қызыма айтып, 4,5 жылда анимацияны аяқтадық", - дейді Үміт Жұбанышқызы.
Алғашында анимациялық фильм көрерменге ұнай ма деп алаңдаған. Бірнеше фестивальдерге қатысып, өз деңгейін байқап көруді шешкен. Анимацияны толықтай өз қалталарынан қаржыландырған Үміт пен Маржан Жапония, Түркия, Қытай жүлдеге ие болып, Қазақстанның мәртебесін асқақтатты.
"Мен үшін ең қуаныштысы – туған жерімде көрсету болды. Көрермендер көп жиналды. Жапония мен Қытайда да жылы қабылдады", - дейді Үміт Жұбанышқызы.
"Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" анимациялық фильмінің режиссері және продюсері - Маржан Жұбаныш немересі. Фильм Жапонияда өткен "Tokyo Film Award" байқауында 1-орынға ие болды, сондай-ақ "Байқоңыр" фильм фестивалінде "Үздік сценарий" номинациясын жеңіп алды. Түркияның "TURKTAV" түркі тарихы мен мәдениеті қоры тарапынан ұйымдастырылған іс-шарада анимациялық фильм Анкарада көрсетілді.
"Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" атты қазақ анимациялық фильмінен шабыт алып, түрік балаларына арналған кітап "TURKTAV" қорының баспасынан шығып, кішкентай оқырмандарға жол тартты. Сондай-ақ, 2024 жылы Түркияның Денизли қаласында өткен "Түркі дүниесінде құндылықтар мен мәдениетті тарату" Халықаралық симпозиумында "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" анимациялық фильм туралы ғылыми 2 мақала жазылды.
"Анам екеуміз шығармашылық тандем құрдық. Жапониядағы жеңіс туралы хабарлама келіп, таңқалдық. Кейін олар бізді шеберлік сыныбын өткізуге шақырды. Жапондарды таңқалдыру оңай емес, бірақ біздің жұмысымыз қазақ мәдениетіне қызығушылық тудырды. Олар қазақтар сияқты ұл баланы үй иесі деп есептейді екен", - дейді Маржан.
Қазақстандық аниматорлар әлемдегі ірі анимациялық "Tokyo Anime Award Festival" байқауында "Ұлттық анимацияға қосқан үлесі үшін" марапат алды. "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін" анимациялық фильмі әлемдегі үздік 5 фильмнің қатарына енді.
"Қытайдағы Chengdu қаласында өткен "The Golden Panda Award Festival"-ге шақырылды. Фильмімізді "Отель монстров Трансильвания" сияқты деңгейдегі фильмдермен теңестіріп, ең үздік бес фильмнің қатарына қосты", - дейді Маржан Жұбаныш немересі.
Маржанның айтуынша, қазақстандық анимация әлемдік деңгейге шығуға қабілетті.
"Біздің де қолымыздан келеді екен ғой деп ойладық. Алайда сапалы дүние жасау үшін еңбектену қажет. Соңында айтарым: Қазақстанда мықты анимация жасауға мүмкіндік мол" деп айтқым келеді", - дейді Маржан.