https://sputnik.kz/20241012/qazaqstan-qytay-shekarasynda-zhana-ayyppul-engizilui-mumkin-47787269.html
Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа айыппұл енгізілуі мүмкін
Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа айыппұл енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезекпен туындаған кептеліс мәселесін... 12.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-12T13:22+0500
2024-10-12T13:22+0500
2024-10-12T13:22+0500
қазақстан
қытай
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47786297_4:0:1256:704_1920x0_80_0_0_cbf4c44ef584c1c28b1417a6d7e5c6ce.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезекпен туындаған кептеліс мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазіргі кезде Қытаймен шекараны жүк көлігімен кесіп өту үшін электронды кезекке тұру қажет. Алайда тасымалдаушылар ондай мүмкіндік жоқ дейді. Ал "CarGoRuqsat" электрондық брондау сервисінде кезек 2-3 аптаға бос емес. Бұдан бөлек, кезектен бас тартқан адамдардың орны 100 АҚШ доллардан сатылады деген ақпарат бар. Бұл ретте робот-бағдарламалар (боттар) қолданылады, олар бірнеше секунд ішінде босатылған кезекті алып үлгіреді. Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі жүйені бұзуға тырысатын адамдар дап деп отыр. Олар белгіленген ережелерді айналып өту және құрылған процестерді бұзу үшін әртүрлі әдістерді пайдаланып, заңсыз табыс табуға тырысады. Ал робот-бағдарламалардың көмегімен электронды кезекті жаппай брондау және қайта сату схемасын тоқтату үшін бос орындарды қайта шығармауға шешім қабылданды. "Бұл дегеніміз, автомобиль өткізу пунктіне келмеуі мүмкін, бірақ оның кезегі "күйіп кетеді". Соның арқасында алып-сатарлықты тоқтатуға болады. Бүгінде бір айдан астам уақыт бұрын адал емес пайдаланушылар басып алған кезектер әлі де жойылып жатыр. Ондаған пайдаланушы бұғатталды", - деп атап көрсетті комитет қызметкерлері. Олардың айтуынша, күйіп кеткен кезектің салдарынан өткізу бекеті босап қалуы мүмкін. Бірақ заң әрекеттердің жолын кесу үшін осы кезеңнен де өту керек. Алдағы уақытта кезектен бас тартатын жүргізушілерге айыппұл салынуы әбден мүмкін. "Бүгінде айыппұл санкцияларын енгізу - жол жүрмегені үшін ақшаны ұстап қалу мәселесі зерттелуде. Мәселен, егер тасымалдаушы бір ай ішінде кезекті үш рет брондаса, бірақ өткізу пунктіне келмесе, онда республикалық бюджеттің кірісіне ерікті өтемақы ретінде оның әмиянынан тиісті өткізу пунктінің бос тұрғаны үшін 100 АЕК (2024 жылда – 369 200 теңге) мөлшеріндегі сома есептен шығарылады", - делінген ресми хабарламада. Комитетте жүргізушінің жолда ауырып қалу, көліктің бұзылуы, ауа-райының қолайсыздығы және тағы басқа мәселелер болатынын түсініп отыр. Бірақ айыппұлдар нарық қатысушыларын тәртіпке салады.
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47786297_171:0:1110:704_1920x0_80_0_0_8112a463a87de9a31ab33790192e74ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезекпен туындаған кептеліс мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде Қытаймен шекараны жүк көлігімен кесіп өту үшін электронды кезекке тұру қажет. Алайда тасымалдаушылар ондай мүмкіндік жоқ дейді. Ал "CarGoRuqsat" электрондық брондау сервисінде кезек 2-3 аптаға бос емес. Бұдан бөлек, кезектен бас тартқан адамдардың орны 100 АҚШ доллардан сатылады деген ақпарат бар.
Бұл ретте робот-бағдарламалар (боттар) қолданылады, олар бірнеше секунд ішінде босатылған кезекті алып үлгіреді. Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі жүйені бұзуға тырысатын адамдар дап деп отыр. Олар белгіленген ережелерді айналып өту және құрылған процестерді бұзу үшін әртүрлі әдістерді пайдаланып, заңсыз табыс табуға тырысады.
"Соның нәтижесінде шекарада жасанды түрде жасалған дүрбелең тасымалдау құнының артуына және көлеңкелі айналымның қалыптасуына әкеледі. Бұл процестер көлік қызметтерінің құнына теріс әсер етеді және тасымалдаушылар арасындағы адал бәсекелестікке жол бермейді. Осыған байланысты біздер қауіпсіздік шараларын күшейту және бұзушылықтар үшін қатаң шараларды қолдану арқылы жүйені жетілдіруді жалғастырамыз. Процестің барлық қатысушыларын ережелерді сақтауға және шекарадағы инфрақұрылымды одан әрі жақсартуға және дамытуға ықпал етуге шақырамыз", - дейді комитет мамандары.
Ал робот-бағдарламалардың көмегімен электронды кезекті жаппай брондау және қайта сату схемасын тоқтату үшін бос орындарды қайта шығармауға шешім қабылданды.
"Бұл дегеніміз, автомобиль өткізу пунктіне келмеуі мүмкін, бірақ оның кезегі "күйіп кетеді". Соның арқасында алып-сатарлықты тоқтатуға болады. Бүгінде бір айдан астам уақыт бұрын адал емес пайдаланушылар басып алған кезектер әлі де жойылып жатыр. Ондаған пайдаланушы бұғатталды", - деп атап көрсетті комитет қызметкерлері.
Олардың айтуынша, күйіп кеткен кезектің салдарынан өткізу бекеті босап қалуы мүмкін. Бірақ заң әрекеттердің жолын кесу үшін осы кезеңнен де өту керек. Алдағы уақытта кезектен бас тартатын жүргізушілерге айыппұл салынуы әбден мүмкін.
"Бүгінде айыппұл санкцияларын енгізу - жол жүрмегені үшін ақшаны ұстап қалу мәселесі зерттелуде. Мәселен, егер тасымалдаушы бір ай ішінде кезекті үш рет брондаса, бірақ өткізу пунктіне келмесе, онда республикалық бюджеттің кірісіне ерікті өтемақы ретінде оның әмиянынан тиісті өткізу пунктінің бос тұрғаны үшін 100 АЕК (2024 жылда – 369 200 теңге) мөлшеріндегі сома есептен шығарылады", - делінген ресми хабарламада.
Комитетте жүргізушінің жолда ауырып қалу, көліктің бұзылуы, ауа-райының қолайсыздығы және тағы басқа мәселелер болатынын түсініп отыр. Бірақ айыппұлдар нарық қатысушыларын тәртіпке салады.