Қыркүйекте сатып алынған-сатылған тұрғын үйлердің саны 3,2% азайды

CC0 / / Ключи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қыркүйекте тамызбен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,2% азайды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Атап айтқанда, 2024 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 40 832 болса, қыркүйекте 39 543 бірлікті (9 036 жеке үй, 30 507 көппәтерлі үй) құрады.
Мәмілелер саны бойынша Алматы (8 163 – 20,6%) және Астана (6 646 – 16,8%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (2 989-7,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 396 мәміле (1%).
Айта кетері, қолданыстағы үйлер нарығындағы пәтерлерді қайта сату бағасы бір жылда 5% өсті, бағаның ең жоғары өсімі Атырау (23,3%) және Астана (13,9%) қалаларында болған. 2024 жылдың қыркүйегінде пәтерлерді қайта сатудың орташа бағасы шаршы метріне 511 083 теңге болды.
Монеты на фоне часов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2024
"7-20-25" бағдарламасы аясында 1 трлн теңгеден астам қарыз берілді
Жаңалықтар
0