https://sputnik.kz/20241011/qazaqstan-aumagynan-munay-onimderin-aketuge-tyyym-salyndy-47763270.html
Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды
Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынды. Энергетика... 11.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-11T13:22+0500
2024-10-11T13:22+0500
2024-10-11T13:22+0500
мұнай
бензин
https://sputnik.kz/img/556/35/5563516_0:220:3196:2018_1920x0_80_0_0_5c43dee79b898583f1affb5259c0600e.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынды. Энергетика министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі.Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты.Қазіргі таңда жанар жағар май тұтыну көлемі ұлғайып, ішкі нарықтағы қалдықтардың азайғаны байқалып отыр. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім тркелген.Бұл жағдай Қазақстан мен шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасының айырмашылығымен байланысты.Сонымен қатар құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша "бүркемелеу тауарлары" деген атпен бензинді әкетудің белгілі бір схемалары бар.Жоғарыда аталған бірлескен бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/556/35/5563516_465:0:3196:2048_1920x0_80_0_0_6a9f17d2bd30a6b8f5f06b081d6e24e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, бензин
Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынды. Энергетика министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі.
Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты.
"Ішкі нарықта жанар жағар май тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі "бүркемелеу тауарлары" атауымен әкетілуі мүмкін мұнай өнімдерін темір жол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр", - деп жазылған Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Қазіргі таңда жанар жағар май тұтыну көлемі ұлғайып, ішкі нарықтағы қалдықтардың азайғаны байқалып отыр. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім тркелген.
Бұл жағдай Қазақстан мен шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасының айырмашылығымен байланысты.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша "бүркемелеу тауарлары" деген атпен бензинді әкетудің белгілі бір схемалары бар.
Жоғарыда аталған бірлескен бұйрықтың жобасы "
Ашық НҚА" сайтында жарияланды.