Министрлік мұнай өнімдерін теміржолмен экспорттауға тыйым салмақшы

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЖелезнодорожный состав вагонов-цистерн на путях сортировочной системы станции, архивное фото
Железнодорожный состав вагонов-цистерн на путях сортировочной системы станции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Жазылу
Қазіргі таңда жанар-жағар май тұтынудың ұлғаюы және ішкі нарықтағы қордың азаюы байқалады
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ішкі нарықта жанар-жағар май тапшылығын болдырмау мақсатында энергетика министрлігі жасырын әкетілуі мүмкін мұнай өнімдерін теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр.
"Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салуды көздейтін алты ай мерзімге тыйым салуды белгілеу туралы тиісті жобасын әзірледі", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда жанар-жағар май тұтынудың ұлғаюы және ішкі нарықтағы қордың азаюы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім байқалады.
Бұл жағдай Қазақстан және шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасының қазіргі айырмашылығымен байланысты.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Қазақстанда орташа айлық жалақыға қанша бензин сатып алуға болады
Жаңалықтар
0