Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мелони Украинаны қалпына келтіру бойынша конференция өтетін уақытты атады

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, қала келбеті
Киев, қала келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Италия келесі жылдың 10-11 шілдесінде Украинаны қалпына келтіру бойынша халықаралық конференция өткізеді, деді Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Римде Владимир Зеленскиймен келіссөздерден кейін.
"Украинаны қалпына келтіру жөніндегі конференция 2025 жылдың 10 және 11 шілдесінде Римде өтетінін қуана хабарлаймын: бұл біз үшін өте қымбат, біраз уақыттан бері соның аясында жұмыс істеп жатырмыз", - деген Мелони Рим Украинаға қажет болғанша қолдау көрсетуді жалғастырады деп сендірді.
Премьер-министр келіссөз барысында Зеленский екеуі Мәскеуді келіссөз үстеліне отыруға көндіре алатын халықаралық ықпалы бар тараптарды тартудың маңыздылығы туралы келіскенін айтты.
"Сонымен қатар біз Ресейдің әскери күш-жігеріне тікелей немесе жанама түрде қатаң жауап беруді жалғастыруымыз керек", - деді Мелони.
Ал Зеленский Италияға, оның алдында Франция мен Ұлыбританияға өзінің "бейбітшілік жоспарын" таныстырғанын айтты.
"Келіссөз жергілікті жердегі жағдай және Украинаның әскери, қаржылық және гуманитарлық салалардағы ең өзекті қажеттіліктері туралы, сондай-ақ келесі дипломатиялық бастамалар мен қақтығысты тоқтату жолдары туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік берді", - делінген Италия үкіметінің баспасөз хабарламасында.
Жұма күні Зеленскийді Ватиканда Рим Папасы Франциск қабылдайды. Ол бұдан кейін Берлинге барып, президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және канцлер Олаф Шольцпен кездеседі.
Жаңалықтар
0