https://sputnik.kz/20241011/khalyqtan-9-mlrd-zhinagan-qarzhy-piramidasynyn-basshysy-ustaldy-47754216.html
Халықтан 9 млрд жинаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Халықтан 9 млрд жинаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Sputnik Қазақстан
2018 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде компаниядағы ақша айналымы 18 млн АҚШ долларына жеткен 11.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-11T10:29+0500
2024-10-11T10:29+0500
2024-10-11T10:29+0500
қаржы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Астанада 9 млрд теңгеге жуық ақша жинаған "Sax Invest" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Компания халықты брокерлік қызмет көрсету, бағалы қағаздарды саудалау және Ангола Республикасында (Африка) алмаз өндіру жобасына ақша салуға сендірген. Осылайша өзін инвестициялық қор ретінде таныстырған, бірақ уәде етілген дивидендтер (ай сайын 2-3% - дан) қатысушыларға жаңа салымшылардан түскен ақшадан төленді.Оған қоса, "Sax Invest" ресми сайтында тіркелу және жеке кабинетке кіру үшін жобаға қатысатын адамнан сілтеме алу керек болған. Бонустар жаңа салымшылардың есебінен өскен. Соның бәрін компания жүйесі ішінде басқа тұлғаға аудару арқылы қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік берілді.Қазіргі кезде қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша адамдар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұйымдастырушылардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы министрлігі
Халықтан 9 млрд жинаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
2018 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде компаниядағы ақша айналымы 18 млн АҚШ долларына жеткен
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Астанада 9 млрд теңгеге жуық ақша жинаған "Sax Invest" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Компания халықты брокерлік қызмет көрсету, бағалы қағаздарды саудалау және Ангола Республикасында (Африка) алмаз өндіру жобасына ақша салуға сендірген. Осылайша өзін инвестициялық қор ретінде таныстырған, бірақ уәде етілген дивидендтер (ай сайын 2-3% - дан) қатысушыларға жаңа салымшылардан түскен ақшадан төленді.
Оған қоса, "Sax Invest" ресми сайтында тіркелу және жеке кабинетке кіру үшін жобаға қатысатын адамнан сілтеме алу керек болған. Бонустар жаңа салымшылардың есебінен өскен. Соның бәрін компания жүйесі ішінде басқа тұлғаға аудару арқылы қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік берілді.
"Салымшылардың барлық ақшалай қаражаты компанияның банктік шотына емес, ұйымдастырушының жеке банктік картасына аударылған. 2018 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде компаниядағы ақша айналымы 18 млн АҚШ долларына жетіп, 3 000-нан астам салымшыны құраған", - дейді қаржы мониторинг агенттігінің мамандары.
Қазіргі кезде қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша адамдар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұйымдастырушылардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.