https://sputnik.kz/20241011/dollar-ozdiginen-kusheydi--ulttyq-bank-47768682.html
Доллар өздігінен күшейді – Ұлттық банк
Доллар өздігінен күшейді – Ұлттық банк
Sputnik Қазақстан
Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсуіне қатысты пікір білдірді 11.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-11T14:23+0500
2024-10-11T14:23+0500
2024-10-11T14:23+0500
доллар бағамы
теңге бағамы
тимур сүлейменов
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0b/47767920_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_81fb397eabb5afa11014f2bdec7376c0.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсуіне АҚШ валютасына сұраныстың артуы себеп болғанын айтты.Оның айтуынша маусымдық экономикалық белсенділікке байланысты долларға сұраныс артқан. Тұрғындар да, компаниялар да валюта сатып алып жатыр.Тағы бір себеп – доллардың нығаюы.Тағы бір маңызды фактор бар, деп жалғастырды Ұлттық банк басшысы."Үкімет Ұлттық қордан қосымша трансферт сұрады және осы айда Қаржы министрлігі үшін Ұлттық қордан рекордтық сома 1,3-1,4 миллиард доллар сатамыз", - деді Сүлейменов."Осы 1,4 миллиард доллардың шамамен үштен бірін нарықта саттық, бірақ айдың соңына қарай тағы үштен екісін сатамыз. Біз құбылмалылықты тоқтату және бағамның негізгі мәніне оралу үшін бұл қаражат жеткілікті деп санаймыз", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.10 қазанда доллар бағамы 500 теңгеге жақындады. Астанадағы айырбастау пункттерінде сатып алу бағамы 492, сату бағамы 497 теңге болды.11 қазан күні таңертең Оралда валюта бағамы 498-495 теңгені көрсетті.Тимур Сүлейменов брифингте доллар бағамы бойынша ешқандай уәде бере алмайтынын айтты."Еркін валюта бағамы жағдайында ешкім уәде бере алмайды. 500 бола ма, жоқ па? Бәрі біздің экономиканың қаншалықты күшті екеніне, ішкі жалпы өнім мен экспорттың қаншалықты жақсы өсіп жатқанына, импорттың қалай төмендеп жатқанына және төлем балансына байланысты болады", - деді Сүлейменов.Экономикалық өсім жақсы. Төлем балансы нөлге жақын және бұл да жақсы көрсеткіш. Сондықтан теңгенің әлсіреуіне негіз болатын іргелі факторлар жоқ, деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0b/47767920_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_55d1ce214eaa1cb02b0a1a7b0ba18015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар бағамы, теңге бағамы, тимур сүлейменов
доллар бағамы, теңге бағамы, тимур сүлейменов
Доллар өздігінен күшейді – Ұлттық банк
Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсуіне қатысты пікір білдірді
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсуіне АҚШ валютасына сұраныстың артуы себеп болғанын айтты.
Оның айтуынша маусымдық экономикалық белсенділікке байланысты долларға сұраныс артқан. Тұрғындар да, компаниялар да валюта сатып алып жатыр.
Тағы бір себеп – доллардың нығаюы.
"Қазан айының басынан бері доллардың негізгі алты валютаға қатысты индексі 2,1%-ға нығая түскенін көріп отырмыз. Доллар өздігінен күшейді. Ресей рубліне қатысты тіпті 4%-ға нығайып отыр. Осылайша, доллардың жаһандық нығаюы біздің ішкі бағамымызға әсер етуде", – деп түсіндірді Сүлейменов.
Тағы бір маңызды фактор бар, деп жалғастырды Ұлттық банк басшысы.
"Үкімет Ұлттық қордан қосымша трансферт сұрады және осы айда Қаржы министрлігі үшін Ұлттық қордан рекордтық сома 1,3-1,4 миллиард доллар сатамыз", - деді Сүлейменов.
"Осы 1,4 миллиард доллардың шамамен үштен бірін нарықта саттық, бірақ айдың соңына қарай тағы үштен екісін сатамыз. Біз құбылмалылықты тоқтату және бағамның негізгі мәніне оралу үшін бұл қаражат жеткілікті деп санаймыз", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.
10 қазанда доллар бағамы 500 теңгеге жақындады. Астанадағы айырбастау пункттерінде сатып алу бағамы 492, сату бағамы 497 теңге болды.
11 қазан күні таңертең Оралда валюта бағамы 498-495 теңгені көрсетті.
Тимур Сүлейменов брифингте доллар бағамы бойынша ешқандай уәде бере алмайтынын айтты.
"Еркін валюта бағамы жағдайында ешкім уәде бере алмайды. 500 бола ма, жоқ па? Бәрі біздің экономиканың қаншалықты күшті екеніне, ішкі жалпы өнім мен экспорттың қаншалықты жақсы өсіп жатқанына, импорттың қалай төмендеп жатқанына және төлем балансына байланысты болады", - деді Сүлейменов.
Экономикалық өсім жақсы. Төлем балансы нөлге жақын және бұл да жақсы көрсеткіш. Сондықтан теңгенің әлсіреуіне негіз болатын іргелі факторлар жоқ, деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.