https://sputnik.kz/20241011/almatyda-6-zhastagy-qyzdyn-olimine-kinali-dep-ayyptalgandar-sotta-aqtalyp-shyqty-47773316.html
Алматыда 6 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп айыпталғандар сотта ақталып шықты
Алматыда 6 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп айыпталғандар сотта ақталып шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 5 жыл бұрын қайтыс болған алты жасар Лиза Пылаеваның ісіне... 11.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-11T17:03+0500
2024-10-11T17:03+0500
2024-10-11T17:03+0500
алматы
сот
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 5 жыл бұрын қайтыс болған алты жасар Лиза Пылаеваның ісіне қатысты сот үкімі шықты. Судья Бақытжан Бақырбаев қыздың тәтесі Ольга Шмакованы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбегендіктен кінәсіз деп танып, ақтады. Сотталушылар Лизаның әжесі Леонарда Рыжаковк және бағбан Ухтам Махмудов та кінәсіз деп танылды, өйткені олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ деп танылды. Айта кетейік, іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру" (99-баптың 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша), "көрінеу жалған айғақтар" (420-баптың 2-бөлігі) және "қылмысты жасыру" (432-бабы) баптары бойынша тергелді.Айыптау нұсқасыАйыптау актісіне сәйкес, 2019 жылы 12 мамырда сағат 15:30 шамасында Медеу ауданындағы жеке үйдің ауласында мүсіннің астында алты жасар Лизаның денесі табылды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қыздың мойын омыртқалары мен денесінде бірнеше жарақат болған. Қыздың тәтесі, әжесі және бағбан күдікке ілінді.Тергеу төрт жылдан астам уақытқа созылды. Тек 2024 жылдың 26 қыркүйегінде сот жарыссөзге көшті. Айыптау бойынша, оқиға болған күні Лиза атасы мен әжесі Рыжаковтардың үйінде болған. Ол үйде Лизаның тәтесі Ольга Шмакова күйеуі Андреймен және үш баласымен бірге тұрған. Ал Лизаның ата-анасы ол кезде ажырасып кеткен.Айыптау қорытындысы бойынша, қыздың тәтесі Ольга Шмакова қызғаныштан аулаға жүгіріп шыққан қызды көлікпен қаққан. Жедел жәрдем шақырудың орнына ол қылмыстың іздерін жасыруға тырысқан. Оған ата-анасы мен күйеуі көмектесті. Тергеу мәліметтері бойынша, олар бағбан Ухтамға баланың денесін жуып, киімін ауыстыруды және аулада орнатылған мүсіннің астына жатқызуға бұйырды. Отбасы қылмыстың ізін жасыру үшін сауда орталығына кетіп, тек бірнеше сағаттан кейін Лизаны ауруханаға апарған. Бірақ бұл кезде қыз қайтыс болып кеткен. Айыпталушылар қызды мүсін басып қалды деп мәлімдеді. Тергеу барысында жарақаттардың пайда болу механизмі мен өлімнің себебін анықтайтын 6 сот сараптамасы жүргізілді. Бұған дейін прокурор Мәлік Әшенов Ольга Шмаковаға 15 жыл, Леонарда Рыжаковаға төрт жыл, бағбан Ухтам Махмудовты сегіз жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.Сот нені анықтады1. Іс бойынша кісі өлтіру фактісін растайтын куәгерлер немесе басқа да көрген немесе білгендер жоқ.2. Тергеу барысында да, сотта да сотталушылар өз кінәсін жоққа шығарып, тұрақты айғақтар берген. Олар қыздың ауланың артқы жағында мүсіннің астынан есін жоғалтқан күйде табылғанын көрсетті.3. Қызғаныш сезімінен кісі өлтіру мотиві болжам және ол нақты дәлелденбеген. Айыптаудың басты дәлелі - 2019 жылдың мамырында сотталушы Махмудовпен бірге уақытша ұстау изоляторындағы жасырын куәгер. Оған Махмудов оқиғаны айтып берген.Алайда ол жасырын куәгер 2020 жылы жауап алғаннан соң екі айдан кейін қайтыс болған. Ол бұған дейін 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ жасырын куәгердің сотталушы Махмудовпен бірге қабылдағыш-таратқышта болғанын растайтын дәлелдер жоқ.4. 4 жыл бойы зерттелген іс бойынша дене жарақаттарының пайда болу механизмі (мойын омыртқасының артқы-алдыңғы бағытта бүгілуі) және өлім уақыты туралы бір-бірін жоққа шығаратын бірнеше сараптама жүргізілді. Бес сараптама жәбірленушіні көлік қақпағанын көрсетті. Тек жеке сарапшы ғана адам дене жарақатының ықтималдығын жоққа шығармады, бірақ жәбірленуші көліктің ішінде орындықта отырса ғана осындай жарақат алуы мүмкін деген.5. Қаралған автокөлікте қылмыстық оқиғаның іздері немесе жәбірленушімен өзге байланыс іздері табылған жоқ.6. Жәбірленушінің денесінде жануардың тістерінің ізі қалған. Сәйкесінше баланың денесі ұзақ уақыт бойы ересектердің көзалдынан тыс жерде болғандығын көрсетеді. Бұл - сотталушылар баланы соққаннан кейін оны дереу жасырмақ болды деген айыпты жоққа шығарады."Айыптаушы тарап жәбірленушінің өлімі көлік соққандықтан болғанын дәлелдеген жоқ. Айыптау болжамдарға ғана негізделген, айыптау үкімін шығаруға негіз жоқ", - деп атап өтті судья. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Іс материалдары қылмысты кім жасағанын анықтау үшін прокурорларға жіберіледі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 5 жыл бұрын қайтыс болған алты жасар Лиза Пылаеваның ісіне қатысты сот үкімі шықты.
Судья Бақытжан Бақырбаев қыздың тәтесі Ольга Шмакованы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбегендіктен кінәсіз деп танып, ақтады. Сотталушылар Лизаның әжесі Леонарда Рыжаковк және бағбан Ухтам Махмудов та кінәсіз деп танылды, өйткені олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ деп танылды.
Айта кетейік, іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру" (99-баптың 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша), "көрінеу жалған айғақтар" (420-баптың 2-бөлігі) және "қылмысты жасыру" (432-бабы) баптары бойынша тергелді.
Айыптау актісіне сәйкес, 2019 жылы 12 мамырда сағат 15:30 шамасында Медеу ауданындағы жеке үйдің ауласында мүсіннің астында алты жасар Лизаның денесі табылды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қыздың мойын омыртқалары мен денесінде бірнеше жарақат болған. Қыздың тәтесі, әжесі және бағбан күдікке ілінді.
Тергеу төрт жылдан астам уақытқа созылды. Тек 2024 жылдың 26 қыркүйегінде сот жарыссөзге көшті. Айыптау бойынша, оқиға болған күні Лиза атасы мен әжесі Рыжаковтардың үйінде болған. Ол үйде Лизаның тәтесі Ольга Шмакова күйеуі Андреймен және үш баласымен бірге тұрған. Ал Лизаның ата-анасы ол кезде ажырасып кеткен.
Айыптау қорытындысы бойынша, қыздың тәтесі Ольга Шмакова қызғаныштан аулаға жүгіріп шыққан қызды көлікпен қаққан. Жедел жәрдем шақырудың орнына ол қылмыстың іздерін жасыруға тырысқан. Оған ата-анасы мен күйеуі көмектесті. Тергеу мәліметтері бойынша, олар бағбан Ухтамға баланың денесін жуып, киімін ауыстыруды және аулада орнатылған мүсіннің астына жатқызуға бұйырды.
Отбасы қылмыстың ізін жасыру үшін сауда орталығына кетіп, тек бірнеше сағаттан кейін Лизаны ауруханаға апарған. Бірақ бұл кезде қыз қайтыс болып кеткен. Айыпталушылар қызды мүсін басып қалды деп мәлімдеді. Тергеу барысында жарақаттардың пайда болу механизмі мен өлімнің себебін анықтайтын 6 сот сараптамасы жүргізілді. Бұған дейін прокурор Мәлік Әшенов Ольга Шмаковаға 15 жыл, Леонарда Рыжаковаға төрт жыл, бағбан Ухтам Махмудовты сегіз жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
1. Іс бойынша кісі өлтіру фактісін растайтын куәгерлер немесе басқа да көрген немесе білгендер жоқ.
2. Тергеу барысында да, сотта да сотталушылар өз кінәсін жоққа шығарып, тұрақты айғақтар берген. Олар қыздың ауланың артқы жағында мүсіннің астынан есін жоғалтқан күйде табылғанын көрсетті.
3. Қызғаныш сезімінен кісі өлтіру мотиві болжам және ол нақты дәлелденбеген. Айыптаудың басты дәлелі - 2019 жылдың мамырында сотталушы Махмудовпен бірге уақытша ұстау изоляторындағы жасырын куәгер. Оған Махмудов оқиғаны айтып берген.
Алайда ол жасырын куәгер 2020 жылы жауап алғаннан соң екі айдан кейін қайтыс болған. Ол бұған дейін 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ жасырын куәгердің сотталушы Махмудовпен бірге қабылдағыш-таратқышта болғанын растайтын дәлелдер жоқ.
4. 4 жыл бойы зерттелген іс бойынша дене жарақаттарының пайда болу механизмі (мойын омыртқасының артқы-алдыңғы бағытта бүгілуі) және өлім уақыты туралы бір-бірін жоққа шығаратын бірнеше сараптама жүргізілді. Бес сараптама жәбірленушіні көлік қақпағанын көрсетті. Тек жеке сарапшы ғана адам дене жарақатының ықтималдығын жоққа шығармады, бірақ жәбірленуші көліктің ішінде орындықта отырса ғана осындай жарақат алуы мүмкін деген.
5. Қаралған автокөлікте қылмыстық оқиғаның іздері немесе жәбірленушімен өзге байланыс іздері табылған жоқ.
6. Жәбірленушінің денесінде жануардың тістерінің ізі қалған. Сәйкесінше баланың денесі ұзақ уақыт бойы ересектердің көзалдынан тыс жерде болғандығын көрсетеді. Бұл - сотталушылар баланы соққаннан кейін оны дереу жасырмақ болды деген айыпты жоққа шығарады.
"Айыптаушы тарап жәбірленушінің өлімі көлік соққандықтан болғанын дәлелдеген жоқ. Айыптау болжамдарға ғана негізделген, айыптау үкімін шығаруға негіз жоқ", - деп атап өтті судья.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Іс материалдары қылмысты кім жасағанын анықтау үшін прокурорларға жіберіледі.