https://sputnik.kz/20241010/zelenskiy-ukrainaga-qatysty-zhosparynyn-birinshi-tarmagyn-atady-47739243.html
Зеленский Украинаға қатысты жоспарының бірінші тармағын атады
Зеленский Украинаға қатысты жоспарының бірінші тармағын атады
Sputnik Қазақстан
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүше болуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T17:35+0500
2024-10-10T17:35+0500
2024-10-10T17:35+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47637491_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_bcabb1c891fcec168afba7aad2fe7a68.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. "Украина-Оңтүстік-Шығыс Еуропа" саммитінде Владимир Зеленский Украинаны Солтүстік Атлантикалық альянсқа шақыруды өзінің "жеңіс жоспарының" бірінші тармағы деп атады. Бұл туралы Strana.ua өзінің Telegram арнасында хабарлады."Украинаны НАТО-ға қосылуға шақыру және Украинаның болашақтағы альяянсқа мүшелігі бейбітшілікке бағытталған нақты қадам болар еді", - деп келтіреді басылым саясаткердің сөзін.Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүше болуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді. Ол Киевтің альянсқа қосылу қаупі арнайы әскери операцияның басталуына себеп болғанын баса айтты.2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинадағы арнайы әскери операция бастады. Президент Владимир Путин "сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғауды" осы операцияның мақсаты деп атады. Бұған қол жеткізу үшін Путин "Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауды" жүзеге асыру және Донбасста "бейбіт тұрғындарға қарсы қанды қылмыстарға" жауапты барлық әскери қылмыскерді жауапқа тарту жоспарлануда деп айтты.2024 жылдың қыркүйегінде Владимир Путин егер Украина келіссөздер жүргізуге ниет білдірсе, Ресей бас тартпайтынын, бірақ мұндай келіссөздер Ыстамбұлда жазылған келісімдер негізінде жүргізілетінін айтты.Бұған дейін Ресей президенті Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын: Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатады және келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да айтты.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47637491_210:0:1170:720_1920x0_80_0_0_0220081a99126611faa18b8b067ef157.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, ресей
Зеленский Украинаға қатысты жоспарының бірінші тармағын атады
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүше болуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. "Украина-Оңтүстік-Шығыс Еуропа" саммитінде Владимир Зеленский Украинаны Солтүстік Атлантикалық альянсқа шақыруды өзінің "жеңіс жоспарының" бірінші тармағы деп атады. Бұл туралы Strana.ua өзінің Telegram арнасында хабарлады.
"Украинаны НАТО-ға қосылуға шақыру және Украинаның болашақтағы альяянсқа мүшелігі бейбітшілікке бағытталған нақты қадам болар еді", - деп келтіреді басылым саясаткердің сөзін.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүше болуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді. Ол Киевтің альянсқа қосылу қаупі арнайы әскери операцияның басталуына себеп болғанын баса айтты.
2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинадағы арнайы әскери операция бастады. Президент Владимир Путин "сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғауды" осы операцияның мақсаты деп атады. Бұған қол жеткізу үшін Путин "Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауды" жүзеге асыру және Донбасста "бейбіт тұрғындарға қарсы қанды қылмыстарға" жауапты барлық әскери қылмыскерді жауапқа тарту жоспарлануда деп айтты.
2024 жылдың қыркүйегінде Владимир Путин егер Украина келіссөздер жүргізуге ниет білдірсе, Ресей бас тартпайтынын, бірақ мұндай келіссөздер Ыстамбұлда жазылған келісімдер негізінде жүргізілетінін айтты.
Бұған дейін Ресей президенті Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын: Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатады және келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да айтты.