https://sputnik.kz/20241010/toqaev-turikmenstanga-qanday-maqsatpen-barganyn-aytty-47725648.html
Президент Түрікменстанға қандай мақсатпен барғанын айтты
Президент Түрікменстанға қандай мақсатпен барғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Президент Түрікменстанға ресми сапарының мақсаты екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге шығару екенін мәлімдеді 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T12:12+0500
2024-10-10T12:12+0500
2024-10-10T12:54+0500
түрікменстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47725736_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_e86512da54a91d43483f1c299bcc6ea6.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапары Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуден басталды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы қонақжайлық танытқаны үшін Халк Маслахатының төрағасына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында қарқынды дамып келе жатқанына ерекше назар аударып, Түрікменстанға ресми сапарының мақсаты екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге шығару екенін айтты.Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан президентіне ілтипат білдіріп, оның Түрікменстанға ресми сапары аясында қол жеткізілетін уағдаластықтар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары егжей-тегжейлі талқыланды.
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47725736_97:0:1185:816_1920x0_80_0_0_661252ae21d2046c878413fd42f04162.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан
Президент Түрікменстанға қандай мақсатпен барғанын айтты
12:12 10.10.2024 (жаңартылды: 12:54 10.10.2024) Президент Түрікменстанға ресми сапарының мақсаты екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге шығару екенін мәлімдеді
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапары Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуден басталды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытқаны үшін Халк Маслахатының төрағасына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында қарқынды дамып келе жатқанына ерекше назар аударып, Түрікменстанға ресми сапарының мақсаты екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге шығару екенін айтты.
"Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты дамыту мәселесіне зор жауапкершілікпен қараймыз. Біз – стратегиялық серіктес елдерміз. Жаңа Бірлескен үкіметаралық комиссияның жұмысы туралы айтып өттіңіз. Мен де оның қызметін бақылап, үкіметке бағыт-бағдар беріп, қандай шешім қабылдау керек екенін нұсқап отырамын. Өйткені біз үшін Түрікменстанмен достық байланыс басты басымдықтардың бірі саналады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан президентіне ілтипат білдіріп, оның Түрікменстанға ресми сапары аясында қол жеткізілетін уағдаластықтар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары егжей-тегжейлі талқыланды.