https://sputnik.kz/20241010/qaytys-bolgan-adamnyn-bank-kartasyn-urlap-ketken-kriminalist-sottaldy-47727012.html
Қайтыс болған адамның банк картасын ұрлап кеткен криминалист сотталды
Қайтыс болған адамның банк картасын ұрлап кеткен криминалист сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол марқұмның есепшотынан 182 000 теңге шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T13:33+0500
2024-10-10T13:33+0500
2024-10-10T13:33+0500
теміртау
https://sputnik.kz/img/394/91/3949190_0:13:1921:1093_1920x0_80_0_0_1281417edc1c43197696799444c27457.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Теміртауда қайтыс болған адамның банк картасын ұрлаған әйелге қатысты үкім шығарылды. Сотталушы криминалист болып істеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сотталған әйел полицияда криминалист болып жүргенде адамның мәйіті табылған пәтерге барған.Криминалист тексеріс кезінде марқұмның атына рәсімделген банк картасы мен бір параққа жазылған құпия кодты тауып, қалтасына салып алады. Ал оқиға орнынан кеткеннен кейін банкоматқа барған. Есепшоттан 182 000 теңгені шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған.Сотта прокурор бұрынғы криминалисті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза кесуді сұрады. Сондай-ақ полиция капитаны арнаулы атағынан айыруды ұсынды. Ал жәбірленуші тарап қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Себебі материалдық шығын толығымен өтелген. Сотталушының өзі бұрын сотталмағанын, некеде тұрмағанын және асырауында 3 кәмелетке толмаған жас баласы бар екенін жеткізді. Жасаған қылмысына шын жүрекпен өкінетінін де айтты.Сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ 361-баптың 2-1-бөлігі (лаузымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) бойынша криминалист әйел кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Оған өмір бойынша мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/394/91/3949190_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_6e5ebf5f950fe0e8bf2734f5afa528d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміртау
Қайтыс болған адамның банк картасын ұрлап кеткен криминалист сотталды
Ол марқұмның есепшотынан 182 000 теңге шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Теміртауда қайтыс болған адамның банк картасын ұрлаған әйелге қатысты үкім шығарылды. Сотталушы криминалист болып істеген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сотталған әйел полицияда криминалист болып жүргенде адамның мәйіті табылған пәтерге барған.
Криминалист тексеріс кезінде марқұмның атына рәсімделген банк картасы мен бір параққа жазылған құпия кодты тауып, қалтасына салып алады. Ал оқиға орнынан кеткеннен кейін банкоматқа барған. Есепшоттан 182 000 теңгені шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған.
Сотта прокурор бұрынғы криминалисті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза кесуді сұрады. Сондай-ақ полиция капитаны арнаулы атағынан айыруды ұсынды. Ал жәбірленуші тарап қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Себебі материалдық шығын толығымен өтелген. Сотталушының өзі бұрын сотталмағанын, некеде тұрмағанын және асырауында 3 кәмелетке толмаған жас баласы бар екенін жеткізді. Жасаған қылмысына шын жүрекпен өкінетінін де айтты.
Сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ 361-баптың 2-1-бөлігі (лаузымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) бойынша криминалист әйел кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Оған өмір бойынша мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.