https://sputnik.kz/20241010/marburg-virusy-afrika-elderine-baratyn-azamattar-qanday-saqtyq-sharalaryn-eskeru-qazhet-47743592.html
Марбург вирусы: Африка елдеріне баратын азаматтар қандай сақтық шараларын ескеру қажет
Марбург вирусы: Африка елдеріне баратын азаматтар қандай сақтық шараларын ескеру қажет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. ДДСҰ жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін жаңа қауіпті инфекция туралы мәлімдеді. Марбург вирусының табиғи ошақтары: Оңтүстік... 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T22:00+0500
2024-10-10T22:00+0500
2024-10-10T22:00+0500
вирус
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47640602_0:62:720:467_1920x0_80_0_0_bbc61e8f69105aedb753307c87b0eb31.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. ДДСҰ жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін жаңа қауіпті инфекция туралы мәлімдеді. Марбург вирусының табиғи ошақтары: Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка өңірлері. Ол Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Кения, Зимбабве, Руанда елдерінде тараған.Марбург безгегі ауыр өтетінімен, жоғары өлім, гемаррагиялық синдром, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында хабарлады.Оның айтуынша, бұл вирус жарқанаттан адамға таралады, ал науқас оны өзімен жақын байланыстағы адамдарға жұқтыруы мүмкін.Қазақстандықтардың көшіп-қонуы жоғары және эпидемиялық елдерге баруын ескере отырып, Комитет осы инфекцияның елге әкелінуінің алдын алу үшін мынадай шараларды сақтауға ұсынады: эндемиялық елдерге баратын кезде жұқтырған адамдармен байланысты болудан аулақ болу, Африка ормандарында кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу, жергілікті жануарлардың шала қуырылған етін жемеу және мысырлық жарқанаттар шоғырланған шахталар мен үңгірлерге бармау.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47640602_0:27:720:567_1920x0_80_0_0_6216fbd4c170aa52254a9684b095c0f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вирус, денсаулық сақтау министрлігі
вирус, денсаулық сақтау министрлігі
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. ДДСҰ жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін жаңа қауіпті инфекция туралы мәлімдеді. Марбург вирусының табиғи ошақтары: Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка өңірлері. Ол Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Кения, Зимбабве, Руанда елдерінде тараған.
Марбург безгегі ауыр өтетінімен, жоғары өлім, гемаррагиялық синдром, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, бұл вирус жарқанаттан адамға таралады, ал науқас оны өзімен жақын байланыстағы адамдарға жұқтыруы мүмкін.
"Симптомдарға дене температурасының күрт көтерілуі, қатты бас ауруы және бұлшықеттер ауруы жатады. Үшінші күні диарея, іш ауруы, сосын құсу болуы мүмкін. 5-7 күндері көптеген адамдарда ауыр гемаррагиялық симптом қосылады. Қан кету байқалады. Өлім жағдайлары 8-9 күні болады. Оның алдында қатты қан жоғалту және естен тану болады. Сарапшылар атап өткендей, вирус қауіпті, өйткені қазіргі уақытта оған қарсы вакцина жоқ, нақты ем жоқ, тек қана симптомды емдеу шаралары ғана жүргізіледі", – деді спикер.
Қазақстандықтардың көшіп-қонуы жоғары және эпидемиялық елдерге баруын ескере отырып, Комитет осы инфекцияның елге әкелінуінің алдын алу үшін мынадай шараларды сақтауға ұсынады: эндемиялық елдерге баратын кезде жұқтырған адамдармен байланысты болудан аулақ болу, Африка ормандарында кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу, жергілікті жануарлардың шала қуырылған етін жемеу және мысырлық жарқанаттар шоғырланған шахталар мен үңгірлерге бармау.