ЕАЭО минералды тыңайтқыштарды тіркеу тәртібін мақұлдады

© Photo : Пресс-служба ЕЭКМинеральные удобрения
Минеральные удобрения  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Жазылу
Комиссия минералды тыңайтқыштарды тіркеу тәртібін Одақ елдерімен бірлесіп әзірледі
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. ЕАЭО-да минералды тыңайтқыштарды тіркеудің, олардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің жаңа тәртібі 2 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Бұл тәртіп еуразиялық "бестікке" кіретін елдердің бірінің уәкілетті мемлекеттік органымен бес кезеңді қарастырады.
Бірінші кезеңде өтініш берушілер минералды тыңайтқышты тіркеуге құжаттарын тапсырады.
Екінші кезеңде құжаттар мен мәліметтер қаралады және тексеріледі.
Үшінші кезеңде тыңайтқышты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Шешім оң болған жағдайда, төртінші кезеңде минералды тыңайтқышқа жеке тіркеу нөмірі беріледі, ал өтініш берушіге тіркеу туралы куәлік беріледі.
Бесінші кезеңде тіркелген тыңайтқыш бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізіледі.
"Қажет болған жағдайда минералды тыңайтқышты тіркеу туралы берілген куәліктің әрекеті тоқтатыла тұруы (жаңартылуы) немесе тоқтатылуы мүмкін", - деп хабарлады ЕЭК.
Комиссия жаңа тәртіптің негізгі артықшылықтары ретінде мыналарды атады:
құжаттар мен ақпаратты ұсынудың "бір терезе" тетігін қолдану;
процедураларды жеңілдету;
адам денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бейімделу;
ЕАЭО елдерінің аккредиттелген зертханаларында (орталықтарында) бірыңғай әдістерді пайдалана отырып жүргізілген зерттеу нәтижелерін өзара тану.
Өтініш беруші минералды тыңайтқыштарды тіркеу үшін пайдаланылуға тиіс құжаттар мен ақпараттың бірыңғай тізбесін бекіту арқылы бұл тәртіп кәсіпкерлерге түсетін қаржылық жүктемені барынша азайтуға көмектеседі, деп хабарлайды ЕЭК.
Жаңалықтар
0