https://sputnik.kz/20241010/boris-dzhonson-tramptyn-ukrainadagy-qaqtygystyn-aldyn-alatyn-edim-degen-sozine-senedi-47719967.html
Борис Джонсон Трамптың Украинадағы қақтығыстың алдын алатын едім деген сөзіне сенеді
Борис Джонсон Трамптың Украинадағы қақтығыстың алдын алатын едім деген сөзіне сенеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон АҚШ президенті лауазымына кандидат Дональд Трамптың 2022 жылы билікте... 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T09:54+0500
2024-10-10T09:54+0500
2024-10-10T10:05+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/17/18215047_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_c61b92c27a40730ce89ca824f716c6c1.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон АҚШ президенті лауазымына кандидат Дональд Трамптың 2022 жылы билікте болғанымда Украинадағы қақтығыстың алдын алатын едім деген сөзіне сенетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.2023 жылдың қараша айының соңында Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Жоғарғы Рададағы "Слуга народа" партиясы фракциясының жетекшісі және Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің мүшесі Давид Арахамия Украинадағы қақтығысты 2022 жылдың көктемінде аяқтауға мүмкіндік болғанын, бірақ Киев Батыстың қысымынан қақтығысты тоқтатуға келіспегенін айтты.Ыстамбұлда Киев пен ресейлік тараптың келіссөздерінен кейін Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресей Федерациясымен арадағы ешқандай құжатқа қол қоймауға және онымен әрі қарай "соғысуға" шақырды.Джо Байденді сынаған Трамп Украинадағы қақтығысқа ешқашан жол бермейтін едім деп бірнеше рет мәлімдеді.2024 жылдың қыркүйегінде Владимир Путин егер Украина келіссөздер жүргізуге ниет білдірсе, Ресей бас тартпайтынын, бірақ мұндай келіссөздер Ыстамбұлда жазылған келісімдер негізінде жүргізілетінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/17/18215047_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ec50a0f11b754d908e4deccd889486d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон АҚШ президенті лауазымына кандидат Дональд Трамптың 2022 жылы билікте болғанымда Украинадағы қақтығыстың алдын алатын едім деген сөзіне сенетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
2023 жылдың қараша айының соңында Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Жоғарғы Рададағы "Слуга народа" партиясы фракциясының жетекшісі және Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің мүшесі Давид Арахамия Украинадағы қақтығысты 2022 жылдың көктемінде аяқтауға мүмкіндік болғанын, бірақ Киев Батыстың қысымынан қақтығысты тоқтатуға келіспегенін айтты.
Ыстамбұлда Киев пен ресейлік тараптың келіссөздерінен кейін Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресей Федерациясымен арадағы ешқандай құжатқа қол қоймауға және онымен әрі қарай "соғысуға" шақырды.
"Мен Дональд Трамптың "сол 2022 жылы президент болсам, Ресей Украинаға басып кірмейтін еді" деген сөзіне сенемін. Менің ойымша, бұл шынайы мәлімдеме", - деді Джонсон Times Radio-ға берген сұхбатында.
Джо Байденді сынаған Трамп Украинадағы қақтығысқа ешқашан жол бермейтін едім деп бірнеше рет мәлімдеді.
2024 жылдың қыркүйегінде Владимир Путин егер Украина келіссөздер жүргізуге ниет білдірсе, Ресей бас тартпайтынын, бірақ мұндай келіссөздер Ыстамбұлда жазылған келісімдер негізінде жүргізілетінін айтты.