https://sputnik.kz/20241010/adam-papillomasy-virusyna-qarsy-22-mynnan-astam-qyz-bala-vaktsinatsiyalandy-47720085.html
Адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды
Адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T10:15+0500
2024-10-10T10:15+0500
2024-10-10T10:15+0500
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861211_0:0:3449:1941_1920x0_80_0_0_12b08c56898ce88eb43bd6d7beef3b45.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Қыркүйек айының ортасынан бастап жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды.Сондай-ақ 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған иммундау жүргізіледі. Бұл маңызды іс-шара елде қауіпті инфекцияның таралуын төмендетуге және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдердің арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.Бүгінгі таңда АПВ вакцинасы әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861211_218:0:2949:2048_1920x0_80_0_0_aeba6d00061b6a923e9825dba99f86a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина
Адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Қыркүйек айының ортасынан бастап жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды.
"Бүгінгі күні республика бойынша АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың күнделікті мониторингінің нәтижелері бойынша 22,2 мың бала, оның ішінде 11 жаста – 14 мың бала, 12-13 жаста-8,2 мың бала егілді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған иммундау жүргізіледі. Бұл маңызды іс-шара елде қауіпті инфекцияның таралуын төмендетуге және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.
Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдердің арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.
Бүгінгі таңда АПВ вакцинасы әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.