Жанар-жағармайды көрші елге вагондап сатқан топ ұсталды – видео

© Photo : сайт МВД КазахстанаМВД пресек контрабанду нефтепродуктов
МВД пресек контрабанду нефтепродуктов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралар кезінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна анықталды. Ішінде 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Соның бәрін көрші мемлекеттің аумағына жөнелтуге дайындап қойған. Жалпы құны 120 млн теңгеден асады.
"Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – дейді қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Қазіргі кезде барлық цистерна тәркіленді.
Жаңалықтар
0