Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневАким Улытау Берик Абдыгалиулы
Аким Улытау Берик Абдыгалиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Президент Қасым-ЖомартТоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып 2022 жылдың 11 маусымында тағайындалған еді. Оған дейін мәжіліс депутаты болды. Сондай-ақ Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, 1-ші вице-премьердің кеңесшісі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары секілді бірқатар лауазымды қызметтерді атқарды.
Жаңалықтар
0